«Үржар аудандық мәслихатының 2021 жылғы 23 желтоқсандағы
№12-162/VII «Үржар ауданының 2022-2024 жылдарға арналған
бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Үржар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше 1, 2, 3 және 4 қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2022 жылға келесідей көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 8 729 821,0 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер – 2 026 015,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 15 750,0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 16 785,0 мың теңге;
трансферттер түсімі – 6 671 271,0 мың теңге;
2) шығындар – 9 723 425,2 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 31 296,0 мың теңге, соның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 64 323,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 33 027,0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0,0 мың теңге, соның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 0,0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0,0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -1 024 900,2 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 1 024 900,2 мың теңге, соның ішінде:
қарыздар түсімі – 64 323,0 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 33 027,0 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 993 604,2 мың теңге.»;
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |