1.02.2022 ж. Кіріс бөлігі есепті кезеңге жоспар 205 601,0 мың теңге болса кассалық орындалуы 283 655,0 мың теңге, немесе 138,0 пайызға орындалып отыр. Оның ішінде: 4 деңгейлі ауылдық бюджеттін жоспары 62 928,0 мың теңге болса, кассалық орындалуы 95 091,1 мың теңге, немесе 151,1 % құрады.
Ішкі табыстардың нақтыланған жоспары 51 344,0 мың теңге, орындалуы 121 979,7 мың теңге, немесе 70 635,7 мың теңгеге артық орындалып, 237,6 % құрады. Оның ішінде: 4 деңгейлі ауылдық бюджеттін жоспары 4 369,0 мың теңге болса, кассалық 7 837,2 мың теңге, немесе 179,4 % құрады.
Шығындар бойынша жоспар 205 601,0 мың теңге игерілген қаржы 204 806,8 мың теңгені немесе 99,6 пайызды құрады. Оның ішінде: 4 деңгейлі ауылдық бюджеттін жоспары 62 928,0 мың теңге болса, кассалық орындалуы 62 192,2 мың теңге, немесе 98,8 %. РБ бөлінген нысаналы трансферттердің жоспары 11 463,0 мың теңге болса, игерілгені 11 403,0 мың теңге немесе 99,5 пайызды құраса, ОБ бөлінген нысаналы трансферттердің жоспары 0 мың теңге болса, игерілгені 0 мың теңге немесе 0 пайызды құраса ЖБ жоспары 138 519,0 мың теңге болса, касса 137 749,6 мың теңгені құрады, игеру пайызы 99,4 %.
Бюджеттік әкімгерлердің есеп шоттарында игерілмей қалған қаржы 794,2 мың теңгені құрады.