Ағымдағы жылдың 04 қазанында Үржар аудандық аумақтық сайлау комиссиясының отырысы өткізілді, онда келесі мәселе қаралды:
-ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың 2021 жылдың 1 қыркүйегіндегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауынан туындайтын алда тұрған мәселелер туралы және аудан аумағындағы сайлау учаскелеріне түгендеу жүргізу және учаскелік сайлау комиссиялары құрамындағы өзгерістер.