2021 жылғы 03 шілдеде Үржар аудандық аумақтық сайлау комиссиясына 2021 жылдың 25 шілдесіне жоспарланған ауылдық округ, кенттер әкімдерінің сайлауы бойынша «Nur Otan» партиясынан 10 үміткер құжаттарын ұсынды. Үржар аудандық сайлау комиссиясы үміткердің сәйкестігін анықтау үшін «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңымен, «Мемлекеттік қызмет туралы» заңдарында қойылған талаптарға сәйкестігін тексеру үшін тиісті органдарға сұраныстар жібереді.