Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес Үржар ауданы әкімінің 2021 жылғы 04 мамырдағы № 65-нқ-ө өкімінің негізінде «ШҚО Үржар ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі (бұдан әрі -Әкім аппараты) 2021 жылғы 05 мамыр мен 21 мамыр аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.