Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы аумағын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған БАҒДАРЛАМАСЫ

Үржар ауданы облыстың оңтүстік-шығыс бөлігінде Тарбағатай тауларының оңтүстік беткейінде орналасқан, солтүстік-батысында Аягөз ауданымен, оңтүстігінде - Алматы облысының Алакөл ауданымен, шығысында - Қытай Халық Республикасының Шыңжаң-Ұйғыр автономды ауданымен шектеседі. Бұл облыстың оңтүстігінде орналасқан ең шалғай аудан.

Аудан 1928 жылы құрылған. Аудан алып жатқан аумағы - 23,4 мың км2. 2020 жылғы 1 желтоқсандағы жағдайы бойынша халық саны – 72,7 мың адам. Аудан орталығы - Үржар ауылы, халық саны 12,8 мың адам. Аудан әкімшілігінің құрамына 53 елді мекен, 27 ауылдық округ кіреді[1]. Аймақ экономикасының негізгі саласы - ауыл шаруашылығы. Мамандандырылуына сәйкес ауданның ауыл шарушалығы саласы дамыған мал шаруашылығы бар өсімдік шаруашылығымен ерекшеленеді. Алакөл көлі жағалауының демалыс аймағында және «Барлық – Арасан» шипажайы аймағында туристік әлеуеті бар.

Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы аумағын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған БАҒДАРЛАМАСЫ
Дата публикации
29 января 2021