2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Үржар аудандық мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын бекіту туралы

ҚАУЛЫ

 

Үржар ауылы                                №27                            13қазан 2026 жыл

 

2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Үржар аудандық мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын бекіту туралы

   

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 1), 2) тармақшаларына сәйкес және Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 12 қазандағы № 1521 «Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы» Жарлығының, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 13 қазандағы № 60/99 «Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың үлгілік күнтізбелік жоспарын бекіту туралы» қаулысының негізінде Үржар ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Үржар аудандық мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы қаулыға қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2. Осы қаулы Үржар ауданының аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында және «Уақыт тынысы-Пульс времени» аудандық газеттерінде жариялансын.

 

 

Төраға

Е.Каримов

 

 

Хатшы

А.Габбасова

 

Дата публикации
15 октября 2026