"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес, 2026 жылғы 30 қыркүйекте Үржар ауданының аумақтық сайлау комиссиясы 2026 жылғы 8 қарашаға Абай облысы, Үржар ауданы, Жаңа тілек ауылдық округ әкімінің сайлауын тағайындады.
2026 жылдың 1 қазаннан бастап ауылдық округ әкімдікке кандидаттар ұсыну басталды, ұсыну құқығы саяси партияларға, азаматтарға, өзін-өзі ұсыну жолымен, сондай-ақ ұсыну мерзімі аяқталған күні екіден кем кандидат ұсынылған жағдайда, аудан әкіміне тиесілі.
2026 жылдың 14 қазандағы жағдай бойынша 4- кандидат ұсынылды.
4- кандидат өзін-өзі ұсынды.
Ауылдық округ әкіміне кандидаттарды ұсыну 2026 жылғы 13 қазанда сағат 18:00-де аяқталды.
Үржар ауданының аумақтық сайлау комиссиясы