ХАБАРЛАМА
2026 жылғы 27 қыркүйекте Үржар ауданы Егінсу және Науалы ауылдық округі әкімдерінің сайлауы өтті.
Үржар ауданының аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-11 бабына сәйкес, 2026 жылғы 29 қыркүйектегі шешімімен Үржар ауданы Егінсу ауылдық округі әкімі болып сайланған – Бейсембаев Ақылжан Тлеуғазыұлы тіркелді, Науалы ауылдық округі әкімі болып сайланған- Искаков Ринат Муратович тіркелді.