Ішкі саясат

Идеологиялық және мәдени-көпшілік жұмыстар

Ауданда ұйымдастырылатын идеологиялық, мәдени-көпшілік және ақпараттық-түсіндіру іс-шаралары мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын халыққа түсіндіруге, қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге, азаматтардың мемлекеттік институттарға деген сенімін арттыруға, қоғамдық келісім мен бірлікті нығайтуға бағытталған.

2026 жылы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауларында айқындалған басым бағыттар, «Заң мен тәртіп», «Адал азамат», «Таза Қазақстан» қағидаттары, сондай-ақ мемлекеттік бағдарламалар мен стратегиялық құжаттарды халыққа түсіндіру бағытында жалғасын табуда.

Ауданның ауылдық округтерінде тұрғындармен кездесулер, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары, қоғамдық қабылдаулар, мәдени-көпшілік және әлеуметтік бағыттағы іс-шаралар тұрақты түрде ұйымдастырылуда.

 

Жастар саясаты

Үржар ауданында мемлекеттік жастар саясатын іске асыру жұмыстары жастардың азаматтық белсенділігін арттыруға, олардың әлеуметтік және кәсіби дамуына жағдай жасауға, жұмыспен қамтуға, волонтерлік қозғалысты дамытуға, құқықтық сауаттылығын арттыруға және жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған.

Ауданның Жастар ресурстық орталығы жастармен жүйелі жұмыс жүргізіп, мемлекеттік жастар саясатының негізгі бағыттары бойынша ақпараттық-түсіндіру, мәдени-көпшілік, спорттық, волонтерлік және патриоттық іс-шараларды ұйымдастыруда.

2026 жылы жастар саясаты «Заң мен тәртіп», «Адал азамат – озық ойлы ұлт», «Таза Қазақстан» идеологемалары, мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасы және әскери-патриоттық тәрбие бағыттары шеңберінде жүзеге асырылуда.

Жастарды жұмыспен қамту бағытында «Жастар практикасы», «Жасыл ел», «Дипломмен ауылға» және басқа да мемлекеттік жобаларға қатысуға мүмкіндік берілуде.

Сонымен қатар жастар арасында волонтерлік қозғалысты дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Әлеуметтік жағдайы төмен және көпбалалы отбасыларға көмек көрсету, қарттар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қолдау, қайырымдылық және экологиялық акцияларға жастарды тарту жұмыстары жалғасуда.

2026 жылы жастардың шығармашылық және әлеуметтік бастамаларын қолдауға бағытталған республикалық жобалар да іске асырылуда. Атап айтқанда, «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының 6 бағыты бойынша жастардың ғылым, мәдениет, IT, бизнес, медиа және волонтерлік салалардағы жобалары қолдау табуда.

Ауданның жастар ресурстық орталығы жастардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуын қамтамасыз ету, олардың бастамаларын қолдау, құқық бұзушылықтың алдын алу және жастар арасында салауатты әрі жауапты өмір салтын қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда.

 

Діни ахуал

Үржар ауданындағы діни ахуал тұрақты. Діни бірлестіктер мен жергілікті атқарушы органдар арасында өзара байланыс орнатылған.

Дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру, діни сауаттылықты арттыру, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, конфессияаралық келісім мен қоғамдық тұрақтылықты сақтау бағытында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

2026 жылы дін мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру іс-шаралары Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы», «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» және «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» заңнамаларының талаптарын түсіндіруге, сондай-ақ діни сауаттылықты арттыруға бағытталған. Абай облысының 2026 жылға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жоспарында да дін мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын өткізу көзделген.

Ауданда мешіттер мен діни бірлестіктердің қызметі жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл негізінде жүзеге асырылуда.

Діни ахуалды тұрақты сақтау, конфессияаралық келісімді нығайту, жастар арасында діни экстремизм мен радикалды идеологияның алдын алу және халықтың діни сауаттылығын арттыру бағытындағы жұмыстар тұрақты бақылауда.

Дата публикации
14 сентября 2026