«Абай облысы Үржар ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы мен тәртібін бекіту туралы» 2024 жылғы 6 қыркүйектегі №206 Абай облысы Үржар ауданы әкімдігінің қаулысына өзгеріс пен толықтыру еңгізу туралы

 

Үржар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ  ЕТЕДІ:

  1. «Абай облысы Үржар ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы мен тәртібін бекіту туралы» 2024 жылы 6 қыркүйектегі №206 Абай облысы Үржар ауданы әкімдігінің қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде №342-18 болып тіркелген) мынандай өзгеріс пен толықтыру еңгізісін:

1.көрсетілген қаулының 1 тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «Абай облысы Үржар ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемалары осы қаулының 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7 - қосымшаларына сәйкес бекітілсін»;

осы қаулының қосымшасына сәйкес 7-қосымшамен толықтырылсын.

  1. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Үржар ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Үржар ауданының әкімі                                                                      А. Башимбаев

 

 

Дата публикации
08 сентября 2026