Үржар ауданы бойынша коммуналдық қызметтерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы

 

Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 10-3 бабы 2 тармағының 16) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 37 - бабына, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 249 «Коммуналдық көрсетілетін қызметтердің тізбесін және коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, Үржар ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Үржар ауданы бойынша коммуналдық қызметтерді көрсету қағидалары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  2. «Абай облысы Үржар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын тиісті шараларды қабылдасын.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Турлыбековқа жүктелсін.
  4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Үржар ауданының әкімі                                                                   А. Башимбаев

Дата публикации
07 сентября 2026