«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 10-3 бабының 2 тармағының 11) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 31 бабының 1 тармағының 16-5) тармақшасына сәйкес Үржар аудананының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Үржар ауданының елді мекендеріне бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, шатырларын реконструкциялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидалары осы қаулының қосымшасынасәйкес бекітілсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Үржар ауданы әкімінің орынбасары А. Турлыбековқа жүктелсін.
- Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі
Үржар ауданының әкімі А. Башимбаев