"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес, 2026 жылғы 19 тамызда Үржар ауданының аумақтық сайлау комиссиясы 2026 жылғы 27 қыркүйекке Абай облысы, Үржар ауданы, Егінсу және Науалы ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын тағайындады.
2026 жылдың 20 тамыздан бастап ауылдық округтері әкімдеріне кандидаттар ұсыну басталды, ұсыну құқығы саяси партияларға, азаматтарға, өзін-өзі ұсыну жолымен, сондай-ақ ұсыну мерзімі аяқталған күні екіден кем кандидат ұсынылған жағдайда, аудан әкіміне тиесілі.
2026 жылдың 2 қыркүйектегі жағдай бойынша Егінсу ауылдық округіне 3 кандидат ұсынылды.
3 кандидат өзін-өзі ұсынды.
2026 жылдың 2 қыркүйектегі жағдай бойынша Науалы ауылдық округіне 4 кандидат ұсынылды.
4 кандидат өзін-өзі ұсынды.
Ауылдық округ әкіміне кандидаттарды ұсыну 2026 жылғы 1 қыркүйекте сағат 18:00-де аяқталды.
Үржар ауданының аумақтық сайлау комиссиясы