Мемлекет мұқтажы үшін
жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен
шығарудың басталуы туралы
2003 жылғы 20 маусымдағы № 442 Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 84 бабының 2 тармағының 4) тармақшасына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 10) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» заңының 63 бабына сәйкес, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы акционерлік қоғамының 2026 жылғы 03 шілдедегі №1496-И хатын ескере келе, Үржар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- 1.Үржар ауданының аумағында Бақты-Аягөз темір жолының құрылысы үшін қаулының қосымшасында көрсетілген жалпы көлемі 541,86 га 54 жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.
- Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару күні болып 2026 жылдың 30 қарашасы белгіленсін.
- 3. Мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскелерінің келісім рәсімдерін жүзеге асыру үшін меншік иелерімен жер пайдаланушылар жүгінетін орыны «Абай облысы, Үржар ауаданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі болып табылады (мекен-жайы: Үржар ауылы, Абылай хан даңғылы №122).
- 4. «Үржар ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ-сі(Р.Исаев) заңда белгіленген тәртіпте осы қаулыдан туындайтын тиісті шаралардың орындалуын қамтамасыз етсін.
- Осы қаулы қабылданған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде атқарушы органның интернет-ресурсын қоса алғанда жергілікті «Уақыт тынысы» «Пульс времени» басылымында жариялансын (Р.Исаев).
- 6. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары А.Турлыбековке жүктелсін.
Аудан әкімі А.Башимбаев