Абай облысы Үржар ауданының аумақтық сайлау комиссиясының ҚАУЛЫСЫ Үржар ауданының Егінсу және Науалы ауылдық округтерінің әкімдерінің сайлау жөніндегі сайлау округтерін құру туралы

 

Абай облысы

Үржар ауданының аумақтық сайлау комиссиясының

ҚАУЛЫСЫ

 

 

Үржар ауданының Егінсу және Науалы ауылдық округтерінің әкімдерінің сайлау жөніндегі сайлау округтерін құру

туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 22-бабына, 14 бабының 6 тармақшасына, 21 бабының 4 тармағына сәйкес, Үржар ауданының аумақтық сайлау комиссиясы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Үржар ауданының Егінсу және Науалы ауылдық округтерінің әкімдерінің сайлауы бойынша сайлау округтері құрылсын:

         Егінсу ауылдық округі әкімінің – Егінсу  ауылдық округінің шекарасындағы Егінсу  сайлау округі;

         Науалы ауылдық округі әкімінің – Науалы  ауылдық округінің шекарасындағы Науалы  сайлау округі;

  1. Сайлау округтерінің тізімі, олардың шекаралары және Үржар ауданының аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетіле отырып, Үржар ауданының аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында және «Уақыт тынысы-Пульс времени» аудандық газетінде жариялансын.

 

 

Сайлау

комиссиясының төрағасы                                                       Е.Каримов                

 

Сайлау

комиссиясының хатшысы                                                       А.Габбасова

 

 

 

 

    Үржар ауылы,  

    2026 жылғы 19 тамыз

    № 16

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
19 августа 2026