ХАБАРЛАМА

2026 жылдың 19 шілде күні Үржар ауданы Көкөзек ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.

Үржар ауданының аумақтық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Үржар ауданы Көкөзек ауылдық округі әкімінің сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде сайлау қорытындысын белгіледі:

 

Көкөзек ауылдық сайлау округі

Көкөзек ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 513 азамат енгізілді, олардың 411-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны–0, "барлығына қарсы" деген жолда белгі қойылған-3.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Доланбаев Ернұр Айдосұлы – 53; Елекенов Қуаныш Жанахметұлы – 289; Тұрғанбаев Есен Әсенұлы – 66.

Көкөзек ауылдық округінің әкімі болып Елекенов Қуаныш Жанахметұлы сайланды, 1989 жылы туған, «Үржар ауданының жер қатынастары бөлімі» бас маманы, Үржар ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынған.

 

 

Үржар ауданының

аумақтық сайлау комиссиясы

 

Дата публикации
20 июля 2026