Үржар аудандық мәслихатының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы № 31-615/VIII «Үржар ауданының 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

Үржар аудандық мәслихатының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы

№ 31-615/VIII «Үржар ауданының 2026-2028 жылдарға арналған

бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

Үржар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Үржар аудандық мәслихатының «Үржар ауданының 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы» 2025 жылғы 18 желтоқсандағы № 31-615/VIII шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. Үржар ауданының тиісінше 1, 2, 3 және 4 қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2026 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 9 086 870,7 мың теңге, соның ішінде:

салықтық түсімдер – 1 313 868,0 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 46 936,0 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 60 000,0 мың теңге;

арнаулы түсімдер – 0,0 мың теңге;

трансферттер түсімі – 7 666 066,7 мың теңге;

2) шығындар – 7 782 832,2 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 55 744,0 мың теңге, соның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 96 380,0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 40 636,0 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0,0 мың теңге, соның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 0,0 мың теңге;

мемлекеттік қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0,0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – 1 248 294,5 мың теңге;

6) бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы (профициті) – 1 248 294,5 мың теңге;

7) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –
- 1 248 294,5 мың теңге, соның ішінде:

қарыздар түсімі – 95 150,0 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 1 411 541,0 мың теңге;

бюджет каражатының пайдаланылатын қалдықтары – 68 096,5 мың теңге.»;

көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің 1 косымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Үржар аудандық

мәслихатының төрағасы

 

 

А. Омаров

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
01 июня 2026