
Сыбайлас жемқорлықпен күрес негізі –құқықтық сауаттылық!
Бүгінде сыбайлас жемқорлықпен ымырасыз күресу мемлекеттік саясаттағы негізгі басымдықтарының бірі және қоғам талабы. Заң үстемдігін орнатып, нағыз құқықтық мемлекет құру үшін, ең алдымен, жемқорлықтың тамырына балта шабу керек.
Мінсіз қоғам – жемқорлықсыз қоғам, салауатты өмір – парақорларсыз өмір, мықты мемлекет – жемқорларсыз мемлекет. Еліміз елу елдің қатарына ену үшін аяқ басқанда айналамызды ашкөз алаяқтардан аластап, қоғамды тазарту – азаматтық міндетіміз.
Сонымен қатар сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің маңызы зор. Халық өз құқығын, өздеріне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану керектігінің нақты жолдарын толық білулері қажет. Конституциялық тәртіпті қорғау, сыбайлас жемқорлықпен күрес аясында тиімді, бірыңғай жалпы мемлекеттік саясат жүргізу, мемлекет пен азаматтардың өмір сүруінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық пен оның көріністері деңгейін төмендету, қоғамның мемлекетке және оның институттарына сенімін нығайту бүгінгі күндегі басты мақсат болып отыр.
Сондықтан бүгінгі көтеріп жатқан тақырыбымыз-сыбайлас жемқорлықпен күрес негізі –құқықтық сауаттылық.
Елімізде қазіргі күнде азаматтардың заңды құқықтарын асыруға жағдай жасалып, білмейтің заң нормалары аясында немесе мемелекеттік органдардан алатың қызметтердің қол жетімдігі мен ашықтығы, өтініштері мен шағымдарының заңды қаралуы мен туындаған мәселелерінің шешімдерін табуы барлық жағынын қорғалған. Мемлекеттік органдардан алатың қызмет түрлерінде бюрократиялық процедураларды жеңілдету мақсатында, оларды электронды түрде беру мемлекеттік органдардың барлығында дерлік еңгізілген.Ол мемлекетіміздің үлкен жетістігі деуге болады.
Мәселен, кез-келген азамат өтінішін немесе шағымын немесе қандай да сұранысын «Е-өтініш» бағдарламасы арқылы кез-келген органға жібере алады, оның қаралуы мемлекттік органның басшысының тікелей жауаптылығында болады.Түскен өтініштер қашанда уақытылы және заң аясында қатан орындалады. Өтініштердің заңды және уақытылы қаралуы құзыретті органдардың қатаң бақылауында.
Сондай- ақ халыққа қалтқысыз қызмет ету , мемлекеттік қызметтің ашықтығын , қолжетімділігін көздейтің тағы бір халықтың игілігіне жасалған жоба ол- «Ашық әкімдік» алаңы. Алаң аудан әкімдігінің ғимаратында –Ашық алаң платформасы негізінде жұмыс істейді. Оның мақсаты адамдар алдың ала жазылусыз мемлекеттік орган өкілдерімен кездесіп, өздерінің түйткілді мәселелерің көтере алады.
Халық игілігіне жұмыс істейтін тағы бір бағдарлама ол- «Е-Лицензия» порталы. Ол портал арқылы да мемлекеттен алатың лицензияларды онлай форматта да алуға еркін өтініш бере алады, онда да қызметтердің сапалы орындалуы мен орындалу уақытының заңдылығы қатаң бақылауда.
Осы бағдарламалармен жұмыс істеп үйрену , өздеріңізді құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу де жемқолрыққа қарсы тұрудың бір амалы. Бұрынғыдай мәселесін шешуге таныс іздеп, біреуге пара берудің қажеттігін жоққа шығарады.Ол заман талабы. Ол бағдарламалар бүгінде әркімнің ұялы телефонынан –ақ қолжетімді.
Бүгінде кез-келген мемлекеттік орган өз қызыметі бағытында жеке парақшаларында түсіндірме жұмыстарын белсенді жүргізетінің байқауға болады. Тікелей эфирлер, брифингтер өткізіп мақалалар жариялап түсіндірме жұмыстар белсенді жүргізіледі. Сонымен қатар көп мемлекеттік органдарда ашық есіктер күні өткізіліп жатады.Ол да халықтын ақпаратқа қолжетімділігін арттырып құқықтық сауаттылығын арттыратын жақсы шаралар болып табылады. Соның бір көрінісі 26қараша күні ауданымызда аудан прокурорының төрағалығымен өткен «Халық заңгері» акиясы. Сондай акциялар аясында шешімін таба алмаған сұрақтарын көтеріп заңды сапалы кеңес алған азаматтар да бар.
Әр мемлекеттік органда мекеме басшысының жеке қабылдауына кіруге де жағдай жасалған, қабылдау барысында туындаған мәселелер де «Е-өтініш» бағдарламасына еңгізіліп , шешімін тапқанша қатаң бақылауда болады. Қандай да туындаған мәселелер бойынша да ауыл әкімдігіне де кез-келген уақытта тікелей қабылдауға кіруге болады.
Жоғарғы Егінсу ауылдық округі аппараттында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау мәселесі жылда қаралады. Ауылдық округтің жұмысы барысында жемқорлыққа апаратын сұрақтар бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері болу мүмкін деген мәселелер бойынша қоғамға ашық пікір білдіруге алдын ала хабарландыру жасалынады.
Сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы күресте қоғам болып күресіп үлесімізді қосу және оған тосқауыл болу-біздің басты міндетіміз.
Жоғаргы Егінсу ауылдық округінің әкімі Байгулжин Айдос Оразмухаммедұлы