«Абай облысы Үржар ауданы Жоғарғы Егінсу ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдаудың нәтижесі бойынша анықтама
Жоғарғы Егінсу ауылы 21.09.2026 жыл
Кіріспе бөлім
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 2-тармағына сәйкес ұсынымы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижелері негізінде және Жоғарғы Егінсу ауылдық округі әкімінің 2026 жылғы 21 тамыз №21нқ өкімімен бекітілген «Жоғарғы Егінсу ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-де 2026 жылдың 1,2,3 тоқсандары бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.
Құрылған жұмыс тобының сыбайлас жемқорлық тәуекелге ішкі талдауы келесі бағыт бойынша іске асырылады:
1.) талдау –объектісінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
2.) талдау объектісінің ұйымдастырушылық –басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Сипаттама бөлігі:
«Жоғарғы Егінсу ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде нормативік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыты бойынша «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңның 8-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
1) талдау объектісінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Аппарат Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады, Жоғарғы Егінсу ауылдық округі әкімінің қызметін ақпараттық- талдау, ұйымдық-құқықтық, материалдық-техникалық қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруға басшылықты жүзеге асырады.
Аппараттың міндеттері: азаматтар мен ұйымдардың Қазақстан Республикасы Конституциясы мен заңдарының нормаларын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің, Мемлекеттік органдардың орталық және жергілікті атқарушы органдарының нормативтік-құқықтық актілерін орындауына жәрдемдесу, салалық және өңірлік бағдарламаларды іске асыруға қатысу, аудан әкімі мен әкімдігінің облыс әкімі аппаратымен, облыстың атқарушы органдарымен, құқық қорғау органдарымен ұйымдастырушылық байланысын іске асыру.
Аппарат өз қызметін «Жоғарғы Егінсу ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін (бұдан әрі – ереже) бекіту туралы» Үржар ауданы әкімдігінің 15.09.2022 жылғы №423 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырады.
Ережеге сәйкес, Аппарат 5 міндетті жүзеге асырады және 42 функцияны жүзеге асырады. Талдау барысында аппарат жұмысының барысында дискрециондық шешімдер қабылдауды тудырған, әділетсіз немесе жемқорлық белгілері бар мәселелер анықталған жоқ. Барлық шешімдер мен нормативтік актілер заң шегінде, тараптардың теңдігімен қабылданады.
Осы талдау үшін дереккөз ретінде аппараттың қызметіне, аппараттың ішкі құжаттарына, аппараттың мемлекеттік қызметшілерінің жеке істеріне қатысты нормативтік құқықтық актілер пайдаланылды.
Ішкі талдаумен 2026 жылдың 1,2,3 тоқсандары қамтылған .
Жоғарғы Егінсу ауылдық округі әкімі аппаратында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 2026 жылдың 21 тамызы мен – 20 қыркүйек аралығында жүргізілді.
Ішкі талдаумен мынадай нормативтік-құқықтық актілер қамтылды: жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару саласында.
Қазақстан Республикасының Конституциясы 2026 жылғы 15 наурыз Республикалық референдумда қабылданған, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Заңы, «Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдарында жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 4 қыркүйектегі №974 қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 15-тен Қаулысы 2004 жылғы желтоқсан №1324 «жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиттерін бекітудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 28 қарашадағы Жарлығы 2012 жылғы №438 «Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасын бекіту туралы», Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы Қаулысы «жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» №1106 жыл, ҚР Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 Жарлығымен «жергілікті қоғамдастық жиналысының үлгілік регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы №295 бұйрығы «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңдары, ҚР Еңбек кодексі, «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәурдегі Қазақстан Республикасының Заңы, Нормативтік құқықтық актілерді ресімдеу, келісу, мемлекеттік тіркеу және олардың күшін жою қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 қазандағы №568 қаулысы (өзгерістермен, «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 4желтоқсандағы №804 қаулысы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №152 Жарлығы «Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы», ҚР Заңы 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88- V «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы», ҚР Жер кодексі туралы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 «Азаматтық қызметшілерге мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйелері туралы», 2022 жылдың 15 қыркүйек айында бекітілген №423 «Абай облысы Үржар ауданы Жоғарғы Егінсу ауылдық округі Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесі, 29.08.2001 жылғы №1127 «Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ҚР органдарының қызметкерлеріне сыйлықақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемақылар белгілеу, сондай-ақ мемлекеттік әкімшілік қызметкерлеріне бонустар төлеу қағидалары», Қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтары, жеке істері әкімнің өкімдері мен шешімдері, ИС ОДО, ИС «Е-қызмет», ИС «Е-өтініш», ЕПИР ГО ақпараттық жүйелер, талдау объектісіне жеке және заңды тұлғалардың арыз, шағым, өтініштерін қарау тәртібі туралы ережелері қолданысқа алынды.
Жоғарғы Егінсу ауылдық округі әкімінің аппаратында дербес бөлімдер мен ведомствоаралық ұйымдар жоқ.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында Жоғарғы Егінсу ауылдық округі әкімінің аппаратында келесі бағыттар бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелі анықталды:
Талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметі келесі мынадай мәселелерді қамтиды:
Жоғарғы Егінсу ауылдық округі әкімінің аппаратында 2025 жылға штат саны– 5 бірлікті құрайды. Жастар практикасы бағдарламасымен 1 жас түлек жұмыс істеп жатыр.
Мекеме қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша тәртіптік жазаға тартылғандар жоқ. Қызыметкелерге қатысты теріс жариялымдар орын алған жоқ.
Жалпы қызметшілер тарапынан заң және еңбек тәртіптері, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп Кодексінің талаптары сақталады. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
Қызметтік міндеттерін атқару кезінде жақын туыстарымен, жұбайларының, жекжаттарының мәселелері қарастырылатын мүдделер қақтығыстығы орын алған жағдайлар анықталған жоқ.
Тікелей бағыныста болатын жақын туыстар, жұбайлар болып табылатын адамдар ауылдық округ аппаратының қызыметкерлері арасында жоқ.
Аппарат 5 міндетті және 42 функцияны жүзеге асырады. Мемлекеттік қызмет алу қашан да қолжетімді, адамдар туындаған мәселелер бойынша ауылдық округ аппаратының ғимаратына келіп те, қашықтықта ИС ОДО, ИС «Е-өтініш», ИС «Е-лицензия» деген бағдарламалар арқылы да ала алады. 2026 жылдың 20 қыркүйек жағ айында отбасы құрамы, мал-мүлік бойынша 103 анықтама, айына ОДО бағдарламасымен -411 құжат рәсәмделген «Е-өтініш» бағдарламасымен -11 өтініш қаралған.
Жоғарғы Егінсу ауылдық округ әкімінің аппараты рұқсат беру функцияларын атқармайды.
Жоғарғы Егінсу ауылдық округ әкімінің аппараты бақылау-тексеру функцияларын атқармайды.
6.Бюджет және қаржы игеру
2026 жылдың 1,2,3 тоқсандарында бюджеттік қаражатты игеру барысында бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтаған жоқ.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы №1127 « Мемлекеттік сатып алуды біріңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің тізбелерін анықтау туралы» бұйрығы бойынша орталықтандырылған мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру «Үржар ауданы Жоғарғы Егінсу ауылдық округі» мемлекеттік мекемесінің ережесіне сәйкес функционалдық міндетіне жатады. 2026 жылдың 1 қаңтарынан 20 қыркүйекке дейінгі талдау кезінде ауылдық округ ретінде 18 мемлекеттік сатып алу жүргізілді. Жүргізілген мемлекеттік сатып алуды талдау барысында тәуекелдер анықталған жоқ.
«Үржар ауданы Жоғарғы Егінсу ауылдық округі» 2026 жылдың 1 қаңтарынан 20 қыркүйекке дейінгі талдаған кезең аралығында Мемлекеттік сатып алу порталында 18 шарт жасалды, оның ішінде:
1 шарт баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен;
10 шарт тікелей жасау жолымен бір көзден алу тәсілімен;
5 шарт электронды дүкен тәсілімен;
1 Өткізілмеген сатып алулар бойынша
1 Ашық байқау
Мемлекеттік сатыып алу жоспары басшының бұйрығымен бекітілген, өзгерістер бұйрықпен енгізілген.
Мемлекеттік сатыып алуды өткізу белгіленген мерзімдерге сәйкес, Мемлекеттік сатыып алу шарттар мерзімінде жасалды, бұл мемлекеттік сатып алу сайтында көрсетіледі.
Қазынашылық органдарында тіркелуді талап ететін барлық шарттар белгіленген мерзімдерден аспайды, бұл К2 (қазынашылық порталы) және Мемлекеттік сатып алу порталында расталады.
Осы бағыт бойынша талданған кезеңде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
Ақпараттық жүйелерді әзірлеу функцияларын атқармайды.
«Қазынашылық-Клиент», «Мемлекеттік сатып алу» порталы, «ОДО», «Е-Өтініш», «Е-Лицензия» , «Е-Қызымет», Статистика порталы, «Салық төлеушінің кабинеті» «Парус», ауылдық округтің ресіми сайты бойынша жүйелерді пайдалану барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
Өтініштерді қарау немесе жеке қабылдауда туындаған мәселелер бойынша жұмыс Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексіне сәйкес қатаң жүргізіледі. 2026 жылы 1,2,3 тоқсанда аппарат жұмысының барлық кезеңінде ауыл әкімінің әрекетіне, аппарат қызметкерлерінің әрекетіне немесе әрекетсіздігіне сыбайлас жемқорлық фактілеріне байланысты шағымдар түскен жоқ. Ішкі талдау барысында ұйымдастыру-басқару қызметінде сыбайлас жемқорлық әрекеттері анықталған жоқ.
Қорытынды бөлім
1) сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында келесі жұмыстар жүргізілсін: құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды болдырмауға үнемі бақылау жасау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңың жетік білу, жемқорлық әрекеттеріне 0-дік төзімділік мәдениетің қалыптастыратын профилактикалық жұмыстар үнемі жүргізілсін.
2) Мемлекеттік сатып алуды сапалы өткізу, мемлекеттік сатып алудың веб порталындағы жұмыс механизімдеріне жоспарлы үздіксіз жұмыс істеуіне, заңға сәйкес болуына бақылауды үнемі жүргізу.
Хатшы: Д. Оханова
Жұмыс тобының құрамы:
Бас маман А. Мухаметжанова
Бас маман С. Кырыкбаев
Жоғарғы Егінсу ауылдық округінің әкімі А. Байгулжин