GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Онлайн қабылдау
Байланыс ақпараты
Әкім аппараты
Құжаттар
Баспасөз орталығы
Қызметі
Все материалы
24 апреля 2025
Үржар ауылдық округі бойынша әктеу, бояу жұмыстары жүргізілуде
21 апреля 2025
Үржар ауылының орталығындағы бордюрлерді бояу жұмыстары
19 апреля 2025
2025 жылдың 19 сәуірінде Үржар ауылындағы қоқыс полигоны кеңейтіліп, тазартылды
18 апреля 2025
Үржар ауылындағы орталық стадионда жарық шамдар ауыстырылды

Атқарылған жұмысты төмендегі сілтеме арқылы көре аласыз:

https://www.instagram.com/reel/DIi3wDvvbfd/?igsh=MW9sMXE4ajdmc3JsZw== 

 

18 апреля 2025
Үржар ауылдық округінің территориясында тазалық жұмыстары жүргізілді
10 декабря 2024
Құқықтық ақпарат қызметі "Е-Заң көмегі"

Әділет министрлігі "Әділет органдары туралы" заңымен заң көмегін ұйымдастыру және көрсету және құқықтық насихатты қамтамасыз ету функцияларын жүзеге асырады. 

Осыған байланысты Министрлік жанынан Құқықтық ақпарат қызметі халыққа құқықтық ақпарат беру бойынша тәулік бойы тегін анықтамалық, консультациялық қызметер көрсетуді, құқықтық мәселелер және мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша консультация беруді жүзеге асырады. 

Бұған қоса, мемлекет кепілдік берген заң көмегі жүйесінің жұмыс істеуі мен дамуын қамтамасыз ету мақсатында "Е-Заң көмегі" бірыңғай ақпарат жүйесі арқылы қызмет көрсетеді (https://eup.adilet.gov.kz). 

29 ноября 2024
Балалар мен қабілеті шектеулі азаматтардың қамқоршылары eGov.kz порталында өз қамқорлығындағы адамдарды емханаға тіркей алады

Бұрын бала кезінен мүгедектігі бар баланың заңды өкілдері балаларын емханаға тікелей жүгінгенде ғана тіркей алатын. Процедура өтініш берушінің жеке қатысуын ғана емес, сонымен бірге қамқоршылықты немесе қорғаншылықты растайтын сот шешімін немесе басқа құжатты ұсынуды талап ететін.

Жаңартылған мемлекеттік қызмет көмегімен қамқоршылар, қорғаншылар, патронат тәрбиешілері және балаға немесе әрекетке қабілетсіз деп танылған адамға қамқорлық жасап, білім беру, тәрбиелеу және олардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын басқа да адамдар өздерінің қамқорлығындағы тұлғаларды емханаға өтініш бере алады.

Көрсетілетін қызметті алу үшін пайдаланушыға:

- eGov.kz порталында авторизациядан өтіп, «Денсаулық сақтау» бөлімінде «Емханаға тіркелу» қызметін таңдау қажет;

- өтініш берушінің санатын: «Балаға (18 жасқа дейін, оның ішінде қорғаншылық пен қамқоршылықтағы)» немесе «Заңды өкілге (әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толғандарға)» таңдау керек;

- аймақ пен ауданды, емхананы, тіркеу себебін (көшу немесе еркін тіркеу), емдеуші дәрігерді таңдап, сонымен қатар көрсетілетін мекен жай мен байланыс телефон нөмірін толтыру қажет;

- қажетті жолдарды толтырып, ЭЦҚ/QR Code немесе sms-растау арқылы өтінімге қол қою керек.

Қызметтің нәтижесімен пайдаланушы өтінімді тікелей медициналық ұйымның қарауынан кейін Жеке кабинетінде таныса алады.

Қызметті тек тұрғылықты жері өзгерген жағдайда ғана емес, сонымен қатар жылына бір реттен жиі емес бір әкімшілік-аумақтық бірлік шеңберінде медициналық ұйымды ауыстырғыңыз келсе де пайдалануға болады.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 1 қарашасына дейін өтетін тіркеу науқанының аясында медициналық ұйымды ауыстыруға болады. Тіркеу науқанының нәтижелері бойынша пациент келесі жылдың басынан бастап қызмет ала алады.

 

 

29 ноября 2024
eGov.kz порталында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған қызметтер жаңартылды

Бұрын сот әрекетке қабілетсіз деп таныған он сегіз жастан асқан адамдардың қамқоршылары қағаз түрінде құжаттар жинап, арнайы өтінімдерді ресімдеу үшін кезекте тұрған. Жаңартылған қызмет уақыт шығындарын едәуір азайта отырып, қажетті құжаттарды онлайн режимінде беруге мүмкіндік береді.

Енді қамқоршыларға мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің келесі түрлерін алуға онлайн-өтінімдерді ресімдеу қол жетімді:

- мүгедектерді протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз ету;

- жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектер үшін жеке көмекшінің көрсетілетін қызметтерін пайдалану;

- мүгедектерді техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен қамтамасыз ету;

- мүгедектерді арнайы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету;

- мүгедектер мен мүгедек балаларды санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету;

- есту қабілеті нашар мүгедектергеымдаутілімаманының қызметін пайдалану (жылына алпыс сағат);

- үйде күтім жасау жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер алу;

-медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер алу.

Көрсетілетінқызметтердіалуүшін:

- eGov.kz порталында авторизациядан өту және «Әлеуметтік қамсыздандыру» бөліміне өту қажет;

- бұдан әрі «Мүгедектігі бар адамдарды қолдау» бөлімінде ұсынылған тізбеден қажетті көрсетілетін қызметті таңдау керек;

- ЭЦҚ көмегімен қызметке қол қою керек.

Көрсеткен уақыт ішінде келіп түсетін өтінімді өңдеу туралы хабарламмен Жеке кабинетте танысуға болады («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде).

28 ноября 2024
Жылжымайтын мүліктің мекен жайын беру немесе жою онлайн-қызметі eGov.kz порталында қол жетімді

Мекен жайды беру жылжымайтын мүлік объектісіне мемлекеттік деректер қорында кейін сәйкестендіру үшін қажет ресми мәртебе береді. Бұл ақпарат меншік иелеріне өз мүлкін заңды түрде басқаруға мүмкіндік береді. Мекен жай коммуналдық жүйелерге (электр, су, газ), интернетке, пошталық жеткізілімге және басқа да көптеген қызметтерге қосылу үшін қажет.

Ресми мекен жайдың болуы меншік иесіне құқықтық даулар туындаған жағдайда мүлік құқығын қорғауды қамтамасыз етеді, себебі жылжымайтын мүлік объектісі Мекен жай тіркеліміне енгізіледі. Сондай-ақ, мекен жайcыз жылжымайтын мүлікпен мәмілелер: сатып алу-сату, сыйға тарту, жалға беру және басқа да заңды операциялар жасау мүмкін емес.

Қызмет жеке және заңды тұлғалар үшін қол жетімді және ақысыз негізде ұсынылады.

Қызметті алу үшін:

  • eGov.kz порталында авторизациядан өтіп, «Жылжымайтын мүлік» - «Сатып алу, сату, жалдау» бөліміне өту;
  • «Жылжымайтын мүлік объектісінің мекен жайын беру/жою» қызметін таңдау;
  • қызметке ЭЦҚ көмегімен қол қою қажет.

Көрсетілетін қызметті алу нәтижесін де пайдаланушының жеке кабинетінде мекен жайды беру/жою туралы хабарлама-хат немесе дәлелді бас тарту көрсетіледі. Сұрау салу мәртебесі нәтижені алған күнін көрсете отырып, Жеке кабинетте де көрсетіледі.

28 ноября 2024
Металл сынықтарын жинауға, сақтауға, өңдеуге және сатуға рұқсатты elicense.kz порталынан алуға болады

Рұқсат беру бойынша қызмет көрсету мерзімі 15 жұмыс күнін құрайды. Кәсіпкер лицензияны өзінің орналасқан жері бойынша жергілікті атқарушы органдардан рұқсат ала алады.

Рұқсатты алу үшін:

- elicense.kz порталында авторизация жасау және «Жер қойнауын пайдалану» бөліміне өту;

- «Заңды тұлғалардың түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға рұқсат беру» көрсетілетін қызметтер тізбесінен таңдау;

- барлық қажетті өрістерді толтыру, файлдарды жүктеу және мемлекеттік баждытөлеу;

- ЭЦҚ/QR көмегімен қызметке қол қою қажет.

Мемлекеттік органның оң шешімі болған кезде дайын лицензия пайдаланушының elicense.kz порталындағы «Жеке кабинетінде» «Рұқсаттар» модулінде көрсетіледі. Өтініш бойынша бас тартылған жағдайда «Менің өтінішім» модулінде дәлелді бас тарту сақталады.

Рұқсат беру үшін 10 АЕК мөлшерінде мемлекеттік баж төленеді. Төлем заңды тұлғаның тіркелген жері бойынша салық органының атына кез келген екінші деңгейдегі банкте жүзеге асырылады.

Жаңа қызмет ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитетінің және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ бірлескен жұмысының арқасында іске қосылды.

 

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы