Үржар ауылында мемлекеттік мерекелерін ұйымдастыру үшін іс-шараларын өткізуге арналған Мәдениет үйі орналасқан. Мәдениет үйі жылумен, электрэнергиясымен жабдықталған екі қабатты ғимаратта орналасқан. Үржар ауылында балалармен бос уақытты жақсы өткізетін отбасылық ойын-сауық кешені бар. Сондай-ақ ауылда аудандық кітапхана орналасқан. Ауыл тұрғындары жас кезінде басқа ауылдық округте орналасқан «Алакөл» көліне барып уақыттарын өткізеді. Сондай-ақ Үржар ауылдық округінде «Болашақ» және «Балалар саябағы» демалыс орындары мен саябақтары бар, онда ересек адамдар күнделікті тіршіліктен дем алып, ал балалар әткеншектер мен карусельдерге тербеліп жақсы әрі көңілді уақыт өткізеді.