GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Қызметі
Әкім аппараты
Баспасөз орталығы
Байланыс ақпараты
Онлайн қабылдау
Құжаттар
Все материалы
04 сентября 2026
Шолпан ауылындағы өрт сөндіру бекеті жазғы кезеңде халық қауіпсіздігін тиімді қамтамасыз етті

 

Үстіміздегі жылдың қаңтар айының басында жұмысын бастаған Шолпан ауылындағы өрт сөндіру бекеті алғашқы жазғы маусымды нәтижелі өткізді. Жыл басынан бері қызмет көрсетіп келе жатқан маңызды нысан жазғы кезеңде штаттық режімде жұмыс істеп, ауыл тұрғындарының және елді мекенге іргелес аумақтардың өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге өз үлесін қосты.

Жазғы кезеңдегі аптап ыстық пен құрғақшылық жағдайында бекет қызметкерлері тәулік бойы кезекшілік атқарып, төтенше жағдайларға жедел әрекет етуге тұрақты дайындықта болды. Сонымен қатар, дала және басқа да өрттердің алдын алу, тұрғындарға өрт қауіпсіздігі талаптарын түсіндіру, сондай-ақ ықтимал қауіптердің алдын алу бағытында профилактикалық жұмыстар жүргізілді.

Шолпан ауылдық өрт сөндіру бекетінің қызметкерлері жаз бойы төтенше жағдайлардың алдын алу және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында жауапты әрі нәтижелі қызмет атқарып, елді мекен тұрғындарының қауіпсіздігін сақтауға өз үлестерін қосты.

Денсаулық сақтау
04 сентября 2026
Шолпан медициналық амбулаториясы

Шолпан медициналық амбулаториясы

Бүгінгі таңда Шолпан медициналық амбулаториясының ұжымында 11 қызметкер еңбек етеді.

Амбулаторияда 1 аға дәрігер, 6 мейіргер, 1 жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі және 2 кіші қызметкер қызмет атқарады.

Аға дәрігер — Ташаева Айдана Болатовна, еңбек өтілі 9 жыл.

Медициналық амбулатория ұжымы тұрғындарға сапалы медициналық көмек көрсетуге, олардың денсаулығын сақтауға және медициналық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстарды атқарып келеді.

Мал дәрігерлік
03 сентября 2026
Шолпан ауылында жаңа ветеринариялық пункт салынуда

 

           Шолпан ауылында жаңа ветеринариялық пункт салынуда

Абай облысы Үржар ауданы Шолпан ауылдық округінде ауыл шаруашылығы саласын дамыту және ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында маңызды жоба жүзеге асырылуда. Жанама көшесі №2А жалпы ауданы 0,1000 га (10 сотка) құрайтын жер учаскесі бөлініп,жерге орналастыру жобасы бекітілді. Қазіргі уақытта Шолпан ауылында заманауи талаптарға сай жаңа ветеринариялық пункттің құрылыс жұмыстары белсенді жүргізіліп жатыр.

                Жобаның негізгі мақсаты мен маңызы:

  Төрт түлік мал саулығын қамтамасыз ету: Ауылдағы төрт түлік малды уақтылы вакцинациялау, дезинфекциялау және алдын ала емдеу-профилактикалық шараларын жоғары деңгейде ұйымдастыру.

  Сапалы ветеринариялық қызмет: Жергілікті мал өсірушілер мен тұрғындарға жылдам, қолжетімді әрі сапалы ветеринариялық көмек көрсету.

  Заманауи инфрақұрылым: Жаңа пункт қажетті құрал-жабдықтармен, дәрі-дәрмек сақтайтын арнайы тоңазытқыш қондырғыларымен және мамандарға арналған ыңғайлы жұмыс орындарымен қамтамасыз етіледі.

Құрылыс жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес сапалы түрде жүргізілуде. Жаңа объект пайдалануға берілгеннен кейін ауылдық округтегі ветеринариялық санитария қауіпсіздігі артып, мал басын аман сақтау мен көбейтуге үлкен септігін тигізеді.

Мәдениет
24 октября 2024
Қарттар күні

10 қазан күні Шолпан ауылдық округі бойынша Қарттар күні аталып өтті, 50 шақты қарттарымызға мерекелік дастархан жайлып, концерт ұйымдастылды.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы