GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Онлайн қабылдау
Байланыс ақпараты
Баспасөз орталығы
Құжаттар
Әкім аппараты
Қызметі
Все материалы
Қаржы
28 августа 2026
2026 жылғы салық жоспары

Науалы ауылдық округінің 2026 жылғы салық жоспарының құрылымы

Салық түрі және коды Жоспар сомасы (теңгемен)
Жалпы салық жоспары 30 366 000
Жеке табыс салығы (ИПН - 101202) 19 920 000
Көлік салығы (104402) 9 130 000
Бірыңғай жер салығы (104501) 1 230 000
Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлем (105315) 443 000
Мүлік салығы (Имущество - 104102) 269 000
Жер салығы (104302) 34 000

Бұл көрсеткіштер бойынша округ бюджетінің негізгі кіріс көзі Жеке табыс салығы (ИПН) мен көлік салығына тиесілі болып отыр.

Жер мәселесі
Ауыл шаруашылығы
27 августа 2026
Науалы ауылдық округінің 2027–2030 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспары
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Сыбайлас жемқорлықтың картограммасы
20 августа 2026
ХАБАРЛАНДЫРУ

«Абай облысы Үржар ауданының Науалы ауылдық округ әкімінің аппараты» ММ-і сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетіні басталатындығын хабарлайды! Сұрақтар немесе ұсыныстар туындаған жағдайда

8/72230/28-2-93 телефоны бойынша хабарласуыңызды сұраймыз.

эл. мекен-жайы: a.sakenova@akimatabai.gov.kz

 

21 апреля 2026
Абайлаңыз, алаяқтар! Сақ болыңыз!
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
31 декабря 2025
Ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау нәтижелерін жария талқылаудың аяқталғаны туралы

29 желтоқсан 2025 жыл

«Абай облысы Үржар ауданы Науалы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау жұмыстарының аяқталғаны туралы хабарлайды.

2025 жылғы 29 желтоқсанда Науалы ауылдық округі әкімінің төрағалығымен аппараттың жұмыс тобы мүшелері мен қызметкерлерінің қатысуымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін қарау және тиісті ұсыныстарды талқылау бойынша отырыс өткізілді. Отырыс №5 қосымшаға сәйкес «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдарды орындау жөніндегі нұсқаулыққа» сәйкес ұйымдастырылды.

Отырыстың қорытындысы бойынша анықталған тәуекелдерді азайту және олардың алдын алу бағытында ұсыныстар әзірленді. Аталған іс-шаралар мемлекеттік орган қызметінің ашықтығын қамтамасыз етуге, жауапкершілікті арттыруға және сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
20 ноября 2025
Антикоррупция

«Абай облысы Үржар ауданының Науалы ауылдық округ әкімінің аппараты» ММ-і сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетіні басталатындығын хабарлайды! Сұрақтар немесе ұсыныстар туындаған жағдайда 8/72230/28-2-93 телефоны бойынша хабарласуыңызды сұраймыз,

эл. мекен-жайы: a.orakbaeva@akimatabai.gov.kz 

14.11.2025

28 ноября 2024
Балалар мен қабілеті шектеулі азаматтардың қамқоршылары eGov.kz порталында өз қамқорлығындағы адамдарды емханаға тіркей алады

Мемлекеттік қызметтің функционалын кеңейту қамқоршыларға балаларын және он сегіз жастан асқан әрекетке қабілетсіз адамдарды емханаларға тіркеуге мүмкіндік береді. Цифрлық мемлекеттік қызмет көрсетудің инклюзивті тәсілі әртүрлі санаттағы азаматтардың, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі адамдардың әлеуметтік құқықтарын қорғауға оң әсер етеді.

Бұрын бала кезінен мүгедектігі бар баланың заңды өкілдері балаларын емханаға тікелей жүгінгенде ғана тіркей алатын. Процедура өтініш берушінің жеке қатысуын ғана емес, сонымен бірге қамқоршылықты немесе қорғаншылықты растайтын сот шешімін немесе басқа құжатты ұсынуды талап ететін.

Жаңартылған мемлекеттік қызмет көмегімен қамқоршылар, қорғаншылар, патронат тәрбиешілері және балаға немесе әрекетке қабілетсіз деп танылған адамға қамқорлық жасап, білім беру, тәрбиелеу және олардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын басқа да адамдар өздерінің қамқорлығындағы тұлғаларды емханаға өтініш бере алады.

Көрсетілетін қызметті алу үшін пайдаланушыға:

- eGov.kz порталында авторизациядан өтіп, «Денсаулық сақтау» бөлімінде «Емханаға тіркелу» қызметін таңдау қажет;

- өтініш берушінің санатын: «Балаға (18 жасқа дейін, оның ішінде қорғаншылық пен қамқоршылықтағы)» немесе «Заңды өкілге (әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толғандарға)» таңдау керек;

- аймақ пен ауданды, емхананы, тіркеу себебін (көшу немесе еркін тіркеу), емдеуші дәрігерді таңдап, сонымен қатар көрсетілетін мекенжай мен байланыс телефон нөмірін толтыру қажет;

- қажетті жолдарды толтырып, ЭЦҚ/QRCode немесе sms-растау арқылы өтінімге қол қою керек.

Қызметтің нәтижесімен пайдаланушы өтінімді тікелей медициналық ұйымның қарауынан кейін Жеке кабинетінде таныса алады.

Қызметті тек тұрғылықты жері өзгерген жағдайда ғана емес, сонымен қатар жылына бір реттен жиі емес бір әкімшілік-аумақтық бірлік шеңберінде медициналық ұйымды ауыстырғыңыз келсе де пайдалануға болады.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 1 қарашасына дейін өтетін тіркеу науқанының аясында медициналық ұйымды ауыстыруға болады. Тіркеу науқанының нәтижелері бойынша пациент келесі жылдың басынан бастап қызмет ала алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

28 ноября 2024
eGov.kz порталында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған қызметтер жаңартылды

Енді сот әрекетке қабілетсіз деп таныған он сегіз жастан асқан адамдардың қамқоршылары eGov.kz порталында онлайн өтініш бере алады. Арнайы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер қаражатын алу үшін жаңа мүмкіндіктерді пайдалануға болады. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласында «кедергісіз орта» құру азаматтардың әртүрлі санаттары үшін, оның ішінде мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етеді.

Бұрын сот әрекетке қабілетсіз деп таныған он сегіз жастан асқан адамдардың қамқоршылары қағаз түрінде құжаттар жинап, арнайы өтінімдерді ресімдеу үшін кезекте тұрған. Жаңартылған қызмет уақыт шығындарын едәуір азайта отырып, қажетті құжаттарды онлайн режимінде беруге мүмкіндік береді.

Енді қамқоршыларға мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің келесі түрлерін алуға онлайн-өтінімдерді ресімдеу қолжетімді:

- мүгедектерді протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз ету;

- жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектер үшін жеке көмекшінің көрсетілетін қызметтерін пайдалану;

- мүгедектерді техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен қамтамасыз ету;

- мүгедектерді арнайы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету;

- мүгедектер мен мүгедек балаларды санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету;

- есту қабілеті нашар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметін пайдалану (жылына алпыс сағат);

- үйде күтім жасау жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер алу;

-медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер алу.

Көрсетілетін қызметтерді алу үшін:

- eGov.kz порталында авторизациядан өту және «Әлеуметтік қамсыздандыру» бөліміне өту қажет;

- бұдан әрі «Мүгедектігі бар адамдарды қолдау» бөлімінде ұсынылған тізбеден қажетті көрсетілетін қызметті таңдау керек;

- ЭЦҚ көмегімен қызметке қол қою керек.

Көрсеткен уақыт ішінде келіп түсетін өтінімді өңдеу туралы хабарламмен Жеке кабинетте танысуға болады («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде).

28 ноября 2024
Жылжымайтын мүліктің мекенжайын беру немесе жою онлайн-қызметі eGov.kz порталында қолжетімді

Енді пайдаланушылар eGov.kz порталында онлайн режимінде өз жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын бере немесе жоя алады. Осы қызмет бойынша бұрын анықтама берген Халыққа қызмет көрсету орталықтарына бармай-ақ процесті автоматтандыруға мүмкіндік берді.

Мекенжайды беру жылжымайтын мүлік объектісіне мемлекеттік деректер қорында кейін сәйкестендіру үшін қажет ресми мәртебе береді. Бұл ақпарат меншік иелеріне өз мүлкін заңды түрде басқаруға мүмкіндік береді. Мекенжай коммуналдық жүйелерге (электр, су, газ), интернетке, пошталық жеткізілімге және басқа да көптеген қызметтерге қосылу үшін қажет.

Ресми мекенжайдың болуы меншік иесіне құқықтық даулар туындаған жағдайда мүлік құқығын қорғауды қамтамасыз етеді, себебі жылжымайтын мүлік объектісі Мекенжай тіркеліміне енгізіледі. Сондай-ақ, мекенжайcыз жылжымайтын мүлікпен мәмілелер: сатып алу-сату, сыйға тарту, жалға беру және басқа да заңды операциялар жасау мүмкін емес.

Қызмет жеке және заңды тұлғалар үшін қолжетімді және ақысыз негізде ұсынылады.

Қызметті алу үшін:

  • eGov.kz порталында авторизациядан өтіп, «Жылжымайтын мүлік» - «Сатып алу, сату, жалдау» бөліміне өту;
  • «Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын беру/жою» қызметін таңдау;
  • қызметке ЭЦҚ көмегімен қол қою қажет.

Көрсетілетін қызметті алу нәтижесінде пайдаланушының жеке кабинетінде мекенжайды беру/жою туралы хабарлама-хат немесе дәлелді бас тарту көрсетіледі. Сұрау салу мәртебесі нәтижені алған күнін көрсете отырып, Жеке кабинетте де көрсетіледі.

 

 

 

 

28 ноября 2024
Металл сынықтарын жинауға, сақтауға, өңдеуге және сатуға рұқсатты elicense.kz порталынан алуға болады

Elicense.kz порталында заңды тұлғалар үшін сынықтарды, сондай-ақ түсті және қара металдардың қалдықтарын жинау, сақтау, қайта өңдеу және өткізу бойынша қызмет автоматтандырылды. Рұқсат алу Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында кәсіпкерлердің қызметі үшін қолжетімді.

Рұқсат беру бойынша қызмет көрсету мерзімі 15 жұмыс күнін құрайды. Кәсіпкер лицензияны өзінің орналасқан жері бойынша жергілікті атқарушы органдардан рұқсат ала алады.

Рұқсатты алу үшін:

- elicense.kz порталында авторизация жасау және «Жер қойнауын пайдалану» бөліміне өту;

- «Заңды тұлғалардың түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға рұқсат беру» көрсетілетін қызметтер тізбесінен таңдау;

- барлық қажетті өрістерді толтыру, файлдарды жүктеу және мемлекеттік бажды төлеуз;

- ЭЦҚ/QR көмегімен қызметке қол қою қажет.

Мемлекеттік органның оң шешімі болған кезде дайын лицензия пайдаланушының elicense.kz порталындағы «Жеке кабинетінде» «Рұқсаттар» модулінде көрсетіледі. Өтініш бойынша бас тартылған жағдайда «Менің өтінішім» модулінде дәлелді бас тарту сақталады.

Рұқсат беру үшін 10 АЕК мөлшерінде мемлекеттік баж төленеді. Төлем заңды тұлғаның тіркелген жері бойынша салық органының атына кез келген екінші деңгейдегі банкте жүзеге асырылады.

Жаңа қызмет ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитетінің және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ бірлескен жұмысының арқасында іске қосылды.

 

 

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы