Талдамалық анықтама
I.Кіріспе
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 2-тармағына "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңының 8-бабының 5-тармағына сәйкес және Науалы ауылдық округі әкімінің 2025 жылғы 10 қарашадағы №60нқ өкімімен бекітілген «Абай облысы Үржар ауданы Науалы ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-де сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстарын жүргізу үшін 2025 жылдың 1-4 тоқсандары қамтылды. Ішкі талдау жүргізу кезінде ауыл әкімі, 4 бас маман қатысты. Мекенжайы: Абай облысы Үржар ауданы, Науалы ауылы, Бұхар-жырау көшесі №15А.
Үржар ауданының Науалы ауылдық округі әкімі аппаратының сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жұмыс тобының құрамы:
1.Науалы ауылдық округінің бас маманы Оракбаева Айгуль Жумагазиевна;
3.Науалы ауылдық округінің бас маманы Керімбаева Айдана
Сарқытбекқызы;
Куанышбековна.
Сипаттама бөлігі:
1.Персоналды басқару
1.1. Кадр айналымы
2025 жылы Әкімің аппараты штат саны – 7 бірлікті құрайды, оның ішінде вакансия- 1 (2025 жылдың қараша айынан бос). Аппаратта 5 мемлекеттік қызметші жұмыс атқаруда.
2025 жылдың жұмыстан босатылған мемлекеттік 3 қызметкер, басқы мемлекеттік мекемеге ауысуына байланысты, жұмыстан босатылды. 2025 жылдың сәуір айында 1 қызметкер бас маманның лауазымына алғашқы рет мемлекеттік қызметке қабылданды.
Техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын, мемлекеттік органдардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін және мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын тұлғалар – 4 бірлік. 2025 жылдың қараша айнда қызметтік көлік жүргізуші қабылданды жұмысқа.
2015 жылғы 23 қарашадағы №414-V Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 123 бабы 7 тармақшасына сәйкес жеке материалдық жауапкершілік туралы келісім-шарт және мүлікті қабылдау-тапсыру актісі жұмыскер мен жұмыс беруші арасында жасалды.
Теріс себептер бойынша, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар, тәртіптік теріс қылықтар жасағаны үшін жұмыстан босату фактілері анықталған жоқ.
Мемлекеттiк қызметшiлердiң штаттық лауазымдарының болмауы, мемлекеттiк қызметшiлер болып табылмайтын адамдардың мемлекеттiк органдардың негiзгi функцияларын жүзеге асыру барысында мiндеттердi iс жүзiнде орындауына әкеп соғатын тиiстi жауаптылық шарасынан жалтару
Тәуекелдің сипаттамасы:
Мемлекеттiк қызметшiлердiң штаттық лауазымдарының болмауы, мемлекеттiк қызметшiлер болып табылмайтын адамдардың мемлекеттiк органдардың негiзгi функцияларын жүзеге асыру барысында мiндеттердi iс жүзiнде орындауына әкеп соғатын тиiстi жауаптылық шарасынан жалтару мүмкiндiгiн туғызады. Мұндай адам сыбайлас жемқорлық тәуекелін тудыратын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық белгілері бар әрекетті жасауы мүмкін.
Тәуекелді жою бойынша ұсынымдар: Ауыл әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілерінің лауазымдық нұсқаулықтары, құқықтары мен міндеттерін анық және біркелкі көрсетілуі, қызметкерлердің міндеттерін қайталанбауы тиіс.
2.Мемлекеттік қызметтер көрсету
2.1. Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 390/НҚ бұйрығына сәйкес Әкім аппатаратымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер түрі:
Тәуекелдің сипаттамасы:
Барлық көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрі тегін көрсетіледі. Мемлекеттік қызметтерді қағаз нысанында көрсетіледі. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің нақты процестерінің белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі, оның ішінде қызметтер көрсету мерзімдерін бұзу, құқықтық актілерде көзделмеген құжаттарды талап етудің жүйелі фактілері, қызметтер көрсету рәсімдері тәртібін бұзу фактілері болуы мүмкін.
Тәуекелді жою бойынша ұсынымдар: мемлекеттік қызметшілер арасында жиындар, түсіндірме жұмыстарын жүргізу, жауаптылығын арттыру.
2.2.Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері.
Аппаратқа түскен өтініштер 2020жылдың 29 маусымдағы №350-VI Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіна сәйкес қарастырылып қаралады. 2025 жылдың 1-4тоқсанында әкім аппаратына келіп түскен өтініштер – 9. Барлық өтінішке жауап берілді. Өтініштері қаралап орындалды.
Қабылданған нормативтік актілер жалпы саны- 150, оның ішінде шешімдер – 41; негізгі қызмет бойынша өкімдер – 63; кадр мәселесі бойынша өкімдер– 9; жеке құрам бойынша өкімдер – 21; қызметкерлер бойынша өкімдер – 18. Әкімнің өкімдері күнтізбелік жыл ішінде ретімен нөмірленеді. 2025 жылғы 1-4 тоқсанда қабылданған өкімдердің талдау барысында әріпті немесе нөмірді қосу арқылы өкімге нөмірін беру фактілері анықталған жоқ.
Әкім аппаратының рұқсат беру функциялары жоқ, бақылау функциялары қарастырылмаған.
Тәуекелдің сипаттамасы: Әкімнің жеке қабылдауында болған азаматтардың өтінішін «Е-өтініш» базасына тіркеледі және де аяқтаусыз қалады(бағдарлама бойынша), келесі кезекте осы өтінішті ОДО-ға тіркеп, аяқтаймыз.
Тәуекелді жою бойынша ұсынымдар: Халыққа сапалы қызмет көрсету-мемлекеттік қызметтің басты міндеті. Бұл қызметтердің тиімді орындалуы қоғамның мемлекетке деген сенімін арттыру. Осы бағытта үнемі қызметкерлер арасында жұмыстар атқару.
3.Талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау:
3.1. Жергілікті қоғамдастықтың өзінің құқықтарын жүзеге асырудағы артық әкімшілік кедергілердің болуы.
Жергілікті қоғамдастық- шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 39-3 бабының 6-тармағына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 23 маусымдағы №122 «Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының негізінде Үржар аудандық маслихаты 2023 жылдың 20 қыркүйек №5-107/VIII шешімімен Үржар ауданының аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын бекітті.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы №295 бұйрығымен бекітілген жергілікті қоғамдастық жиналысынің үлгі регламенті ұстанып жиналыстар өткізіледі.
Халық тікелей жүзеге асыратын жергілікті өзін-өзі басқаруды ауыл тұрғындары саналы әлі қабылдай алмай жүр.
Тәуекелдің сипаттамасы:
Жиналыстың күн тәртібін ауылдық округ әкімінің аппараты жиналыс мүшелері, тиісті аумақтың әкімі енгізген ұсыныстар негізінде қалыптастырады, нәтижесінде жергілікті қоғамдастық мүшелері белсендік танытпай, қабылданған шешімді сапалы орындалуы қадағалайтын алгоритм жоқ.
Тәуекелді жою бойынша ұсынымдар: жергілікті қоғамдастық кеңесінің мүшелерінің беделін көтеретін ауыл тұрғандар арасында насихат түсіндірме жұмыстар жүргізу. Жергілікті қоғамдастық мүшелерін жауапкершілікке шақырып, соңңы нәтижеге назар аудару.
Қортынды бөлім
Науалы ауылдық округінің әкімі Р.Искаков
Хатшы: А.Оракбаева
Жұмыс тобының құрамы:
Бас маман: Оракбаева А.Ж
Бас маман: Касымова А.Т
Бас маман: Керімбаева А.С
Бас маман: Тугельбаева А.К