Құрметті Мақаншы ауылының тұрғындарының назарына!
ҚР 2017 жылғы 7 тамыздағы № 295 үлгілік ережелеріне сәйкес Мақаншы ауылдық округінің жергілікті қауымдастық жиыны құрылатынын хабарлаймыз. Жергілікті қауымдастық жиыны мүшелігіне кандидаттар кемінде 18 жаста, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған, денсаулығы қалыпты азаматы болуға тиіс. Үміткерлер коммерциялық емес ұйымның ұсыныстары негізінде және өзін-өзі ұсыну бойынша төмендегі мекен - жайға 10 жұмыс күні аралығында өтініш беруіңізге болады. Үміткрлердің жалпы саны 11 адам.
Мақаншы ауылдық округі Әкімінің аппараты.
Тақырып: Мақаншы ауылдық округіне қарасты жаңадан кәсіп ашатындарға пайыз мөлшері төмендетілген несиелер, салықтарға өзгерістер, көктемгі су тасқыны төтенше жағдай, көше тазалығы, жеке меншік малдарды таңбалау, егу, табынға қосу.
Үржар аудандық касіпкерлік бөлімінің бастығы Н.Байпейсова: Несиелендіру бойынша «Кәсіпкерлікті дамыту», «Кең-Дала», «Ауыл-аманаты» және «Агробизнес» бағдарламаларымен таныстырып өтті.
Үржар аудандық кәсіпкерлік палатасының директоры Л.Шиянов: Несие алу жолдарына байланысты, бағдарламаларда берілетін несиелердің пайыздық көлемі мен қоятын кепіл мүліктерге байланысты айтып түсіндірді.
Үржар аудандық ауыл шаруашылық бөлімінің бас маманы Д.Дауренбеков: Көктемгі егін науқанына байланысты жанар-жағар майға берілген өтінімдер бойынша түсіндірме берді.
Мақаншы полиция бөлімінің подполковнигі М.Акашев: Мақаншы ауылының тұрғындарының жеке меншік мүйізді ірі қара малдары бар адамдарға малдарын міндетті түрде сырғалануын және жылқы малдарын таңбалануы тиіс екенін айтты және ауыл ішінде бейсуат жүрген малдардың иелеріне айыппұл салынатындығын ескертті.
Мақаншы ауылдық округі әкімінің орынбасары Д.Ошибаев: Мақаншы ауылдық округі бойынша 2024 жылдары көктемгі су тасқыны, су алатын аймақтарға жедел топ бірінші әрекет жасайтындығын түсіндірді.
Мақаншы ауылдық округіне қарасты аға мал дәрігері және маманы А.Искакова және З.Қасенова: Қазіргі таңда мал бастарын егу, таңбалау, қан алу жұмыстары жүргізіліп жатқандығы жөніде айтып өтті.