GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Әкім аппараты
Баспасөз орталығы
Қызметі
Байланыс ақпараты
Онлайн қабылдау
Құжаттар
Все материалы
01 декабря 2024
eGov.kz порталында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған қызметтер жаңартылды

Енді сот әрекетке қабілетсіз деп таныған он сегіз жастан асқан адамдардың қамқоршылары eGov.kz порталында онлайн өтініш бере алады. Арнайы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер қаражатын алу үшін жаңа мүмкіндіктерді пайдалануға болады. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласында «кедергісіз орта» құру азаматтардың әртүрлі санаттары үшін, оның ішінде мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етеді.

Бұрын сот әрекетке қабілетсіз деп таныған он сегіз жастан асқан адамдардың қамқоршылары қағаз түрінде құжаттар жинап, арнайы өтінімдерді ресімдеу үшін кезекте тұрған. Жаңартылған қызмет уақыт шығындарын едәуір азайта отырып, қажетті құжаттарды онлайн режимінде беруге мүмкіндік береді.

Енді қамқоршыларға мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің келесі түрлерін алуға онлайн-өтінімдерді ресімдеу қолжетімді:

- мүгедектерді протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз ету;

- жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектер үшін жеке көмекшінің көрсетілетін қызметтерін пайдалану;

- мүгедектерді техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен қамтамасыз ету;

- мүгедектерді арнайы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету;

- мүгедектер мен мүгедек балаларды санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету;

- есту қабілеті нашар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметін пайдалану (жылына алпыс сағат);

- үйде күтім жасау жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер алу;

-медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер алу.

Көрсетілетін қызметтерді алу үшін:

- eGov.kz порталында авторизациядан өту және «Әлеуметтік қамсыздандыру» бөліміне өту қажет;

- бұдан әрі «Мүгедектігі бар адамдарды қолдау» бөлімінде ұсынылған тізбеден қажетті көрсетілетін қызметті таңдау керек;

- ЭЦҚ көмегімен қызметке қол қою керек.

Көрсеткен уақыт ішінде келіп түсетін өтінімді өңдеу туралы хабарламмен Жеке кабинетте танысуға болады («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде).

01 декабря 2024
Металл сынықтарын жинауға, сақтауға, өңдеуге және сатуға рұқсатты elicense.kz порталынан алуға болады

Elicense.kz порталында заңды тұлғалар үшін сынықтарды, сондай-ақ түсті және қара металдардың қалдықтарын жинау, сақтау, қайта өңдеу және өткізу бойынша қызмет автоматтандырылды. Рұқсат алу Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында кәсіпкерлердің қызметі үшін қолжетімді.

Рұқсат беру бойынша қызмет көрсету мерзімі 15 жұмыс күнін құрайды. Кәсіпкер лицензияны өзінің орналасқан жері бойынша жергілікті атқарушы органдардан рұқсат ала алады.

Рұқсатты алу үшін:

- elicense.kz порталында авторизация жасау және «Жер қойнауын пайдалану» бөліміне өту;

- «Заңды тұлғалардың түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға рұқсат беру» көрсетілетін қызметтер тізбесінен таңдау;

- барлық қажетті өрістерді толтыру, файлдарды жүктеу және мемлекеттік бажды төлеуз;

- ЭЦҚ/QR көмегімен қызметке қол қою қажет.

Мемлекеттік органның оң шешімі болған кезде дайын лицензия пайдаланушының elicense.kz порталындағы «Жеке кабинетінде» «Рұқсаттар» модулінде көрсетіледі. Өтініш бойынша бас тартылған жағдайда «Менің өтінішім» модулінде дәлелді бас тарту сақталады.

Рұқсат беру үшін 10 АЕК мөлшерінде мемлекеттік баж төленеді. Төлем заңды тұлғаның тіркелген жері бойынша салық органының атына кез келген екінші деңгейдегі банкте жүзеге асырылады.

Жаңа қызмет ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитетінің және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ бірлескен жұмысының арқасында іске қосылды.

01 декабря 2024
Қазақстандықтар тұрғын үй сертификаттарын eGov.kz порталынан ала алады

Ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін тұрғын үй сертификаты тұрғын үйге мұқтаж және табыс деңгейі жеткіліксіз отбасыларға беріледі. Сертификат алуға арналған тиісті онлайн-қызмет eGov.kz порталында қолжетімді болды.

Сертификат ҚР Ұлттық Банкі бекіткен ипотекалық бағдарлама немесе мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы бойынша тұрғын үй сатып алынған жағдайда беріледі. Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының мөлшері мен тізбесін жергілікті атқарушы органдар айқындайды.

Тұрғын үй сертификаты келесі жағдайларда әлеуметтік көмек ретінде ұсынылады:

- өтініш берушіде және онымен тұрақты тұратын отбасы мүшелерінде (жұбайы мен кәмелетке толмаған балаларының) соңғы 6 айдағы орташа табысы еңбек және/немесе кәсіпкерлік қызметтен белгіленген шектен аспаса;

- орташа табыс зейнетақы аударымдарын, жеке табыс салығын және басқа да міндетті аударымдарды есепке алмайды;

- 23 жасқа дейінгі білім беру мекемелерінде күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын балалар қарауға енгізіледі.

Тұрғын үй сертификатын онлайн алу үшін пайдаланушыға:

- eGov.kz порталына кіріп және «Жылжымайтын мүлік» - «Тұрғын үй қатынастары» бөліміне өту қажет;

- «Тұрғын үй сертификаттарын беру»тізімінен таңдап, қажетті жолдарды толтыру керек;

- ЭЦҚ көмегімен өтінімге қол қою қажет;

- қызмет нәтижесімен https://kezekte.kz сайтына Жеке кабинетте танысуға болады.

01 декабря 2024
Әскери қызмет туралы мәліметтер енді eGov Mobile қосымшасында қолжетімді

Енді қазақстандықтар eGov Mobile қосымшасы арқылы әскери қызмет туралы деректерді ала алады және жібере алады. Бұл «Цифрлық мәліметтер» сервисінің жаңартылуы арқасында мүмкін болды.

Енді пайдаланушылар өздерінің әскери қызметке шақырылу мәртебесі мен әскери қызметке шақыру туралы ақпаратты смартфонынан тікелей қарап, бөлісе алады. Жаңа функциялар деректерге қолжетімділікті одан әрі ыңғайлы және жеңіл етеді.

Қосымшаның жаңартылған нұсқасында екі жаңа цифрлық мәліметтер қолжетімді:

  1. Әскери қызметке шақыру туралы ақпарат – азаматтың шақыру мәртебесі туралы ақпарат;
  2. Әскери қызметке қатысуға қатысты мәліметтер – азаматтың әскери міндеттілік мәртебесі туралы өзекті ақпарат.

Азамат өз мәліметтерін ЖСН, компанияның БСН-і немесе мобильді азаматтар базасына тіркелген телефон нөмірі арқылы өз бетінше жібере алады. Сонымен қатар, деректерді жұмыс берушінің тікелей сұрауы салуы бойынша да жіберуге болады — ол үшін жұмыс беруші ЖСН немесе телефон нөмірі арқылы сұрау салу жібереді. Содан кейін пайдаланушы хабарлама алады және сұрау салуды растайды немесе оны кері қайтарады. Деректерді eGov Mobile қосымшасына тікелей сілтеме арқылы мессенджерлер немесе пошта арқылы жіберуге болатынын атап өтеміз.

Сервисті пайдалану үшін:

  • eGov Mobile қосымшасында авторизацияланып, «Мәліметтер» бөліміне өту;
  • «Тарих» бөлімінде мәліметтерге қол жетімділік беруге келген сұрау салуларды қарап шығу;
  • мәліметтерді беруге рұқсат беру немесе сұрау салуды қабылдамау;
  • қажет болған жағдайда, бұрын берілген мәліметтерді «Қайтарып алу» батырмасын басу арқылы қайтарып алу қажет.

Бұдан басқа, пайдаланушылар мәліметтерге сұрау салулар тарихын тексеріп, қажет болған жағдайда бұрын берілген мәліметтерге қолжетімділікті басқаруға, оларды қайтарып алуға мүмкіндігі бар.

01 декабря 2024
Балалар мен қабілеті шектеулі азаматтардың қамқоршылары eGov.kz порталында өз қамқорлығындағы адамдарды емханаға тіркей алады

Мемлекеттік қызметтің функционалын кеңейту қамқоршыларға балаларын және он сегіз жастан асқан әрекетке қабілетсіз адамдарды емханаларға тіркеуге мүмкіндік береді. Цифрлық мемлекеттік қызмет көрсетудің инклюзивті тәсілі әртүрлі санаттағы азаматтардың, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі адамдардың әлеуметтік құқықтарын қорғауға оң әсер етеді.

Бұрын бала кезінен мүгедектігі бар баланың заңды өкілдері балаларын емханаға тікелей жүгінгенде ғана тіркей алатын. Процедура өтініш берушінің жеке қатысуын ғана емес, сонымен бірге қамқоршылықты немесе қорғаншылықты растайтын сот шешімін немесе басқа құжатты ұсынуды талап ететін.

Жаңартылған мемлекеттік қызмет көмегімен қамқоршылар, қорғаншылар, патронат тәрбиешілері және балаға немесе әрекетке қабілетсіз деп танылған адамға қамқорлық жасап, білім беру, тәрбиелеу және олардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын басқа да адамдар өздерінің қамқорлығындағы тұлғаларды емханаға өтініш бере алады.

Көрсетілетін қызметті алу үшін пайдаланушыға:

- eGov.kz порталында авторизациядан өтіп, «Денсаулық сақтау» бөлімінде «Емханаға тіркелу» қызметін таңдау қажет;

- өтініш берушінің санатын: «Балаға (18 жасқа дейін, оның ішінде қорғаншылық пен қамқоршылықтағы)» немесе «Заңды өкілге (әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толғандарға)» таңдау керек;

- аймақ пен ауданды, емхананы, тіркеу себебін (көшу немесе еркін тіркеу), емдеуші дәрігерді таңдап, сонымен қатар көрсетілетін мекенжай мен байланыс телефон нөмірін толтыру қажет;

- қажетті жолдарды толтырып, ЭЦҚ/QRCode немесе sms-растау арқылы өтінімге қол қою керек.

Қызметтің нәтижесімен пайдаланушы өтінімді тікелей медициналық ұйымның қарауынан кейін Жеке кабинетінде таныса алады.

Қызметті тек тұрғылықты жері өзгерген жағдайда ғана емес, сонымен қатар жылына бір реттен жиі емес бір әкімшілік-аумақтық бірлік шеңберінде медициналық ұйымды ауыстырғыңыз келсе де пайдалануға болады.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 1 қарашасына дейін өтетін тіркеу науқанының аясында медициналық ұйымды ауыстыруға болады. Тіркеу науқанының нәтижелері бойынша пациент келесі жылдың басынан бастап қызмет ала алады.

01 декабря 2024
Жылжымайтын мүліктің мекенжайын беру немесе жою онлайн-қызметі eGov.kz порталында қолжетімді

Енді пайдаланушылар eGov.kz порталында онлайн режимінде өз жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын бере немесе жоя алады. Осы қызмет бойынша бұрын анықтама берген Халыққа қызмет көрсету орталықтарына бармай-ақ процесті автоматтандыруға мүмкіндік берді.

Мекенжайды беру жылжымайтын мүлік объектісіне мемлекеттік деректер қорында кейін сәйкестендіру үшін қажет ресми мәртебе береді. Бұл ақпарат меншік иелеріне өз мүлкін заңды түрде басқаруға мүмкіндік береді. Мекенжай коммуналдық жүйелерге (электр, су, газ), интернетке, пошталық жеткізілімге және басқа да көптеген қызметтерге қосылу үшін қажет.

Ресми мекенжайдың болуы меншік иесіне құқықтық даулар туындаған жағдайда мүлік құқығын қорғауды қамтамасыз етеді, себебі жылжымайтын мүлік объектісі Мекенжай тіркеліміне енгізіледі. Сондай-ақ, мекенжайcыз жылжымайтын мүлікпен мәмілелер: сатып алу-сату, сыйға тарту, жалға беру және басқа да заңды операциялар жасау мүмкін емес.

Қызмет жеке және заңды тұлғалар үшін қолжетімді және ақысыз негізде ұсынылады.

Қызметті алу үшін:

  • eGov.kz порталында авторизациядан өтіп, «Жылжымайтын мүлік» - «Сатып алу, сату, жалдау» бөліміне өту;
  • «Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын беру/жою» қызметін таңдау;
  • қызметке ЭЦҚ көмегімен қол қою қажет.

Көрсетілетін қызметті алу нәтижесінде пайдаланушының жеке кабинетінде мекенжайды беру/жою туралы хабарлама-хат немесе дәлелді бас тарту көрсетіледі. Сұрау салу мәртебесі нәтижені алған күнін көрсете отырып, Жеке кабинетте де көрсетіледі.

20 октября 2024
Көлденең ауылдық клубында "Асыл мұра" байқауы өтті

Көлденең ауылдық клубында "Асыл мұра" байқауы өтті

02 марта 2024
Үржар ауданың орталығында Көлденең ауылдық округі ауыл шаруашылық жәрменкесін өткізді

2024 жылғы 2 наурызында өткен жәрменкеде Үржар ауданының инфляциялық үдерістерді тежеу, негізгі азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру мақсатында ауылдық округтердің ұйымдастыруымен өткізілетін ауыл шаруашылық жәрмеңкесіне Көлденең ауылдық округі өз ауыл шаруашылық өнімдерін аудан тұрғындарына төмен бағамен ұсынды.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы