
Көлденең ауылдық клубында әр түрлі мерекелік іс-шаралар өтіп, айтулы мейрамдар аталып өтіледі. Сондай-ақ, ауы тыныс тіршілігіне маңызды ауыл тұрғындарымен өтетін жиналыстар да өтеді.
2023 жылы жоспарға сәйкес барлығы 36 іс-шара өтті. Оның ішінде балаларға арналған -7, ауыл жастарына -2, айтулы мерекелік концерттер -11, ұлы тұлғаларды еске алу кештері-2, ауған соғысы ардагерлеріне -1, би байқауы -1, қуғын сүргін құрбандарын еске алу кеші -1, Асыл мұра -3, дөңгелек үстел -1, салтанатты жиындар – 7. Атап айтсақ, алғыс айту күні, 8 наурыз, халқымыздың ең маңызды мерекесі «Наурыз мейрамы», 1 мамыр, 7 мамыр, 9 мамыр, 21 мамыр – мәдениет қызметкерлері күні, 1 маусым балаларды қорғау күні, Мемлекеттік рәміздер күні, Мемлекетттік қызметшілер күні, Астана күні, Қазақстан Республикасы Конституциясы, Қарттар күні және т.б. ауылдық клубта аталып өтеді.