АУЫЛЫМЫЗДА ЖАҢА ДӘРІГЕРЛІК-АМБУЛАТОРИЯ АШЫЛДЫ

АУЫЛЫМЫЗДА ЖАҢА ДӘРІГЕРЛІК-АМБУЛАТОРИЯ АШЫЛДЫ

8 қараша 2025 жыл

Келдімұрат ауылының тұрғындары үшін айтулы оқиға орын алды: заманауи жабдықтармен жабдықталған жаңа дәрігерлік-амбулаторияның салтанатты ашылу рәсімі өтті. Салтанатты шараға Мақаншы ауданының әкімі Койгелдин Дәурен Бақытжанұлы, ауыл тұрғындары, ақсақалдар мен медицина қызметкерлері қатысты. 

Аудан әкімі Дәурен Бақытжанұлы: "Жаңа емхананың ашылуы-Мемлекет басшысының халыққа қолжетімді және сапалы медициналық көмек көрсету жөніндегі тапсырмаларын орындау жолындағы маңызды қадам"-екенін атап өтті.

Аудан әкімі және қонақтар жаңа емхананың жұмысымен танысты.