Меню

Страницы

Статья

"Б.Жунусов атындағы Қаратал орта мектеп-бақшасы" КММ тарихы

Мектеп тарихы

Алғашқы  мектеп  бастамасы  осы  1929 жылы  Рапай  бойында  ұйымдастырылған. Арнайы  мектеп  үйі  болмағандықтан  оқуға  тартылған  жас  өспірімдер  Самажан  деген  адамның  үйінде  бірінші  сабақтарын  бастаған. Осы  алғашқы  сабақты  жүргізген, үлкендердің  сауатын  ашу  бастамасын  көтерген  мұғалім  Ермағамбетов  Сейітқарай деген азамат  болған.

Білімді көтеру тек мектеп ашып балаларды оқуға тартумен шектелмей, ересек адамдардың да сауатын ашу көзделген. Сауатын ашу науқаны басталғанда елу жасқа дейінгі ерлер мен қатар әйелдердің де оқуы міндеттелген . Олар аздап болса да хат танып, өз беттерімен ежіктеп болса да оқып , жаза алатын жағдайға жеткен. Білім беру саласы «Мойынсерік» ұйымы    «Жаңа талап» колхозы болып қайта құрылып , ол колхоз 1932 жылы үш колхозға (Киров , Үшінші бесжылдық , Крупская) бөлінгеннен кейін де жұмыстарын жалғастырған .

         Қаратал ауылының ірге тасын қалап жатқанда мектеп үйін тұрғызу да алғашқы құрлыстың бірі ретінде қолға алынғанын үлкендер растайды.               Бірақ, құрлыс материалдарының жетіспеушілігінен құрылыс тез қарқын ала алмаған. Осы  қиыншылықтарға  байланысты  1936-1937  жылдардың  өзінде  көп  колхозшылар тұрғын үйдің жетіспеушілігінен Көктерек, Қатынсу өзендерінің бойында отыра тұруға мәжбүр болған .

Қараталда 4-класты бітірісімен ары қарай жоқшылықтан оқуды жалғастыра алмай, 9-10 жастарынан соғыстың бар азабын тартып, сол жылдардағы колхоздың шамалары келетін бар жұмысын мойындарымен көтеріп, аштық ,жоқшылықтың барлық бейнетін көріп ержеткендер .1941 жылы бірінші толқынмен Омаров Әбілмәжін соғысқа алынғанда

Қараталға мұғалім болып Келгенбаева Бәтиха, жеңгесі Күнарлар келді.Содан бастап Қаратал бастауыш мектебінде сабақты екі мұғалім жүргізетін болған.

         Қаратал бастауыш мектебін алғашқы оқушылармен бірге бітірген      Имашев Шәкен қысқа мерзімді мұғалімдер курсын бітіріп, Үшінші бесжылдық, Киров колхоздарында мұғалім болып жұмыс істеген. Кейін Молотов колхозына мұғалімдікке ауыстырылған. Осы тұста, соғыс кезінде де балалардың оқуына қатты көңіл бөлінген, және тәртіп те өте қатал болғанын айта кеткенді жөн көрдім. Шәкен мұғалім демалыста Қараталдағы үйіне келіп, үш күн боранда Молотовқа қайта алмай қалады. Ол дегенің балалар үш күн сабақ оқы- мады. Сол үш күн сабақ жүргізбегені үшін мұғалім Имашев Шәкенді Үржар аудандық соты үш айға соттаған. (Бұл дерек бірге туған қарындасы Имашева Бікеннің айтқаны бойынша енгізілді).

          Жоғарыда  Отан  соғысы  басталғанда  ауылдағы  мектеп  мұғалімі  Омаров  Әбілмәжін  соғысқа  алынғанда , мұғалім  болып  Келгенбаева  Бәтиха (Алты  соғыс  орденінің  иегері Ибрагимов  Сүлейменнің  жұбайы) , жеңгесі Күнарлар  келген  болатын . Ибрагимов  Сүлеймен  соғыстан  1945  жылы

оралғаннан  кейін  Келгенбаевалар  Мақаншы  орта  мектебіне  ауысып , Қа- раталға  мұғалім  болып  Серіков Омархан , жұбайы  Серікова  Ажарлар кел-  ген  еді .1941 жылдан  бастап  кейінгі  балалар осы  аяулы  ұстаздардан  білім  алған  болатын .

    Қаратал бастауыш  мектебі 1964-65 оқу жылында 8-жылдық  болды .

         Директорлар : Тасмағамбетов  Талғатбек , Малдыбаев  Төлеутай

       Қаратал  8-жылдық  мектебі  1978-79  оқу  жылында  Орта мектеп  мәртебесін  алды .

Қаратал  ауылында  туып  өскен  азаматтардың  барлығы  дерлік  Қаратал  бастауыш  мектебін ,1964-65 оқу  жылдарынан  бастап сегізжылдық  мектебін  бітіргеннен  кейін , аудан  орталығы  Мақаншы  орта  мектептерінен  білім  алған .1978-79  оқу  жылынан  бастап  Қаратал  сегізжылдық мектебі  «Қаратал  орта  мектебі»  болып  қалыптасып , жұмыс  істеп  келеді.

 

Дата публикации
11 марта 2024
Дата обновления
11 марта 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
26 марта 2024
"Абай облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" ММ мәліметіне сәйкес
14 марта 2024
Ауыл тұрғындары мен қонақтарының назарына!!
Ақпарат
11 марта 2024
"Б.Жунусов атындағы Қаратал орта мектеп-бақшасы" КММ тарихы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы