Қарақол ауылы 03 шілде 2026 жыл
Уақыты: 10:00
Өткізілген орны: «Қарақол ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ
Төраға: Қарақол ауылдық округінің әкімі Қ.Қ. Садаев.
Жұмыс тобының мүшелері.
«Қарақол ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелерін талқылау.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша ауылдық округ әкімі Қ.Қ. Садаев сөз сөйледі.
Қарақол ауылдық округі әкімі аппаратының мемлекеттік мекемесінде 2026 жылғы 20 маусым мен 02 шілде аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. Осыған байланысты бүгін сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері көпшілік алдында талқыланды.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес және төмендегі қағидаттар негізінде жүргізіледі:
объективтілік;
сенімділік;
ашықтық;
жан-жақтылық.
Келесі сөз бас маман А. Серікқалиға берілді.
А. Серікқали «Қарақол ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-де 2026 жылдың 1 және 2 тоқсандары бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында рәсімдік бұзушылықтар анықталмағанын атап өтті.
Қоғам өкілдері және өзге де азаматтар тарапынан ұсыныстар мен ескертулер түскен жоқ.
Отырыстың қорытындысы бойынша барлық мемлекеттік қызметшілерге Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын, белгіленген шектеулер мен талаптарды мүлтіксіз сақтау, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына жол бермеу жөнінде тиісті нұсқаулар берілді.
Төраға Қ.Қ. Садаев
Хатшы А. Өнерханова