Меню

Страницы

Статья

Мәдениет

Абай облысы Үржар ауданы Қарақол ауылдық мәдениет үйі мекемесінің ғимараты 1987 жылы салынған, 2014 жылы күрделі жөндеуден өткізілген. Мәдениет үйінің көрермендер залы 220 орынға арналған.

Мекемеде ауыл тұрғындарына мәдени қызмет көрсету, халықтың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, ұлттық өнер мен салт-дәстүрді насихаттау бағытында жұмыстар жүргізіледі.

Қазіргі таңда мәдениет үйінде 6 қызметкер еңбек етеді. Мекеме жанында 4 шығармашылық үйірме мен топ жұмыс атқарады:

- Домбырашылар үйірмесі;
- Драма үйірмесі;
- «Шашу» бишілер тобы;
- «Ардагерлер» ансамблі.

Сонымен қатар мәдениет үйінің спорт залында ауыл жастары арасында спорттық бағыттағы жұмыстар жүргізіледі. Жастар қазақ күресі, еркін күрес және ережесіз жекпе-жек спорт түрлерімен айналысады.

Мәдениет үйінде мемлекеттік және ұлттық мерекелерге арналған концерттік бағдарламалар, мәдени-көпшілік іс-шаралар, шығармашылық кештер, байқаулар, кездесулер, көрмелер және жастарға арналған түрлі мәдени-спорттық шаралар тұрақты түрде ұйымдастырылады.

Мәдениет үйінің меңгерушісі – Тайжигитов Даулетқали Чотбасұлы.
Білімі – арнаулы орта, Семей оқу-ағарту училищесінің түлегі.
Мәдениет саласындағы еңбек өтілі – 1988 жылдан бері, 38 жыл.

Қарақол ауылдық мәдениет үйі ауыл тұрғындарының мәдени өмірін жандандыруға, ұлттық өнерді дәріптеуге, шығармашылық қабілеттерді дамытуға және жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға өз үлесін қосып келеді.

Дата публикации
02 марта 2024
Дата обновления
27 августа 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

27 августа 2026
Бюджет
Ақпарат
27 августа 2026
Хаттама
Ақпарат
27 августа 2026
Мемлекеттік қызмет

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы