Абай облысы Үржар ауданының Қарақол ауылдық округіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері туралы

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін

 талдау жүргізу бойынша

әдістемелік ұсынымдарға

 2-қосымша

 

 

Абай облысы Үржар ауданының Қарақол ауылдық округіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері туралы

 

Талдамалық анықтама

 

І. Кіріспе

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының "Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" 19.10.2016 жылғы № 12 бұйрығы,  "Абай облысы Үржар ауданының Қарақол ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің 16.10.2025 жылғы  №36-1-нқ бұйрығы негізінде 2026 жылдың I, II және III тоқсандары бойынша  «Қарақол ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің жұмыс тобы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

Мекен-жайы: Абай облысы, Үржар ауданы Қарақол ауылы, Азербаев көшесі №3, телефон: 8(72230) 5-5525.

Қарақол ауылдық округінің әкімі Садаев Куанышбек Казыкенович.

Мемлекеттік мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Кноституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ 2022 жылғы 15 қыркүйекте бекітілген №425 «Абай облысы Үржар ауданы Қарақол ауылдық округунің Әкімінің аппараты» мемелкеттік мекемесі ережесіне сәйкес жүзеге асырады.

Бөлімнің  құрылымы: 6- мемлекеттік қызметшіден тұрады.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау  2026 жылдың 31 тамыз айынан 2026 жылдың 25 қыркүйек айына дейін келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылды:

1) талдау объектісінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

 2) талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

 

ІІ. Сипаттама бөлігі

1. Сыбайлас жемқорлық тәуелкелдеріне ішкі талдау барасында Қарақол ауылдық округінің қызметін реттейтін нормативтік дискрециялық нормалар анықталған жоқ.

 

 

2. Әкім аппаратының ұйымдастырушылық -басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Мемлкеттік мекеме сыбайлас жерқорлыққа тәуекелдерін, мекеменің қызметін қозғайтын құқықтық актілерле сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін өкілеттер мен нормалар анықталған жоқ.

 

2.1. Мүдделер қақтығысы реттеу бойынша:

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әс-қиымыл  туралы» ҚР Заңының 14-бабы 1 -тармағына сәйкес талдау жүргізу барысында жұмысқа қабылданған қызметкерлерің мемлекеттік мекеме басышысының жақын туыстарды, ерлі-зайыптылар мен жекжаттардың бірлескен қызметі жоқ.

 

2.2. Басқару қызметінен туындайтын өзге де мәселелер:

Ауылдық округі бойынша сыбайлас жермқорлық құқық  бұзуышылық жасағаны үшін аппараттың мемелкеттік қызметкерлерін қылмыстық жауапкершілікке тату фактілері жоқ.

 

2.3. Рұқсат беру функцияларын іске асыру бойынша:

Әкім аппараты Ережесінде функционалдық міндеттеріне сәйкес рұқсат беру құзыреті жоқ.

 

3. Өткізілген мемлекеттік сатып алулар саны және өткізу тәсілі, олардық қорытындылары мен келісім шарттары және орындлау мерізімдері:

Аппаратта бөлінген бюджет қаражаттары, өткізілген мемекеттік сатып алулар саны және өткізу тәсілі, олардың қорытындылары мен келісім шарттары  Қазастан Республикасының заңдары аясында жүргізіледі.

 

4. Жеке және Заңды тұлғалардың өтініштері

Азаматтардың ауызша және жазбаша өтініштерін уақытылы және толық қарастырылуын қамтамасыз ету. Олар бойынша шешім қабылдап заңмен белгіленген мерзімде өтініш иесіне жауап қайтару аппарттың негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Келіп түскен өтініштер бойынаа Заң аясында белгіленген түсінік беріліп қажеттілік туындаған жағдайда құзыреттілік шеңберінде шаралар қолданылады.

 

ІІІ. Қорытынды бөлім

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жүргізу барысында тәуекелдер анықталған жоқ.

 

 

Қарақол ауылдық округінің әкімі                                                       Қ.Садаев

 

Абай облысы Үржар ауданының Қарақол ауылдық округіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері туралы
Дата публикации
29 сентября 2026