Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Мемлекеттік қызмет

2026 жылғы 19 мамырда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының жаңа Заңы қабылданды, ол 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енді.
Жаңадан қабылданған заңның негізгі бағыты мемлекеттік қызметтің сервистік, клиентке бағдарлану және жасанды интеллектіні қолдана отырып, HR-процестерді цифрландыруға, мемлекеттік қызметтің жаңа қағидаттарын енгізуге негізделген жаңа тартымды моделіне көшу болып табылады.
Түйінді новеллалардың ішінде-формальды талаптарды теріс пайдалануға тыйым салу қағидатын бекіту көзделген, яғни, егер мұндай негіздер мәселені мәні бойынша қарауға кедергі келтірмесе, мемлекеттік органдарға тек формальды негіздер бойынша жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын іске асырудан бас тартуға тыйым салынады.
Кадр саясатындағы жұмысқа көзқарастар өзгерді. Мемлекеттік қызметке үміткерлерді іріктеу толығымен Е-Қызмет ақпараттық жүйесі арқылы цифрлық онлайн-форматта жүзеге асырылады, сол арқылы мемлекеттік қызметке түсудің ашықтығы мен тең қолжетімділігін қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік қызметке жастарды тартуға көп көңіл бөлінді. Орташа үлгерім балы 3,33-тен төмен емес ЖОО түлектері аудандық және ауылдық деңгейлердегі төменгі, басшылық емес лауазымдарға конкурс өткізбей-ақ түсе алады. Жас мамандарға олардың бейімделуін жеделдету мақсатында тәлімгерлік институты ресми түрде енгізілді.
Жұмыс iстеп тұрған мемлекеттiк қызметшiлер үшiн бiр лауазым шеңберiнде жалақы мөлшерi тәуелдi болатын жоғарылату көзделедi.
Мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік кепілдіктерін күшейтуге, оның ішінде кемінде үш жылда бір рет жалақыны арттыруға ерекше назар аударылды. Мемлекеттік қызметшіні ауыстыру немесе ротациялау кезінде тұрғын үй төлемдері және жеңілдікті ипотекаға қолжетімділік көзделген. Мемлекеттік қызметкерлердің балалары балабақшаға кезектен тыс кіре алады. Ал 25 жылдан астам еңбек өтілі бар мемлекеттік қызмет ардагерлері мемлекеттік наградалары болған жағдайда зейнеткерлікке шыққан кезде бір реттік жәрдемақы ала алады.
Сондай-ақ, заңда мемлекеттік қызметкерлердің жұмыс уақыты қарастырылған. Әдеттегі жұмыс аптасы 40 сағатты, ал I және II топтағы мүгедектер үшін 36 сағатты құрайды. Үстеме жұмыс үшін қосымша ақы төленеді не демалыс күндері (сағаттары) беріледі.
Қосымша демалыс күндері мемлекеттік қызметтегі жұмыс өтіліне байланысты болады. Жұмыс өтілі бар мемлекеттік қызметшілердің демалысының ұзақтығы былайша көзделген:
• он және одан да көп жыл, - ұзақтығы күнтізбелік үш күн;
• он бес және одан да көп жыл, - ұзақтығы күнтізбелік бес күн;
• жиырма және одан да көп жыл, - ұзақтығы күнтізбелік он күн.
Тағы бір өзгеріс бағалы қағаздарға қатысты. Мемлекеттік қызметкерлерге қаржы құралдарын еркін сатып алу мүмкіндігі шектеледі. Бағалы қағаздардың жекелеген түрлеріне ғана және лицензияланған брокерлер мен қазақстандық биржалар арқылы ғана рұқсат етіледі.
Құқық бұзушылықтың алдын алуға баса назар аудара отырып, тәртіптік практиканы жетілдіру көзделген.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметке кір келтіретін мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік теріс қылықтарының тізбесі кеңейтілді, атап айтқанда:
• есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді, прекурсорларды медициналық емес пайдалану;
• көлік құралын алкогольдік және (немесе) есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде жүргізу.
Тұтастай алғанда, жаңа заң мемлекеттік қызметтің анағұрлым заманауи, сандық және аз бюрократиялық болуына бағытталған.
Заңның 90-бабына сәйкес, ережелердің негізгі бөлігі 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі, Заңның жекелеген ережелері 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап ғана қолданыла бастайды.

Документы
Ақпарат
23 ноября 2015
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы
Новости
Полезные материалы
Мемлекеттік қызмет
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Абай облысы Үржар ауданы Қарақол ауылдық округі әкімінің аппараты
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы