Бюджеттік жоспарлау және бюджеттерді атқару сатыларында азаматтық бюджетті
жасау мен ұсыну қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 9 қаңтардағы № 15 бұйрығы.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 22 қаңтарда № 16261
болып тіркелді.
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 67-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 05.03.2022 № 249 (
алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа
енгізіледі) бұйрығымен.
1. Бюджеттік жоспарлау және бюджеттерді атқару сатыларында азаматтық
бюджетті жасау мен ұсыну қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті
(З.А. Ерназарова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк
тiркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның
көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық
құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық
мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің
эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік
тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3)
тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтердің Қазақстан
Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын
қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.