Талдамалық анықтама
1.Аналитикалық анықтаманың тақырыбы: ішкі талдау сыбайлас жемқорлық тәуекелдері.
3.Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізілетін Объект:
«Абай облысы Үржар ауданы Елтай ауылдық округі әкімінің аппараты»
мемлекеттік мекемесі.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының бұйрығымен бекітілген 2016 жылдың 1- қазандағы №12 « Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына» сай Абай облысы Үржар ауданы Елтай ауылдық округі Әкімінің аппаратында (әрі қарай-Аппарат) сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне 19.03.2024 жылдан 08.04.2024 жыл аралығында ішкі талдау (әрі қарай- СЖТТ) жүргізілді.
Бөлімшенің ұйымдық-басқару қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау келесі тармақтар бойынша жүргізіледі:
1) персоналды басқару, оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдардың тізбесін айқындау
2) мүдделер қақтығысын реттеу;
3) мемлекеттік қызметтер көрсету;
4) Рұқсат беру функцияларын іске асыру;
5) Бақылау – тексеру функцияларын іске асыру;
6) Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу;
7) Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу;
8) Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану
«Үржар ауданы Елтай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан мемлекеттік қызметшілер жоқ.
Мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік және еңбек тәртібін,Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің (мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары)талаптарын сақтайды.
Мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың жеке мүдделері мен олардың лауазымдық өкілеттіктері арасында жеке мүдделер өздерінің лауазымдық өкілеттіктерін тиісінше орындамауына әкеп соғуы мүмкін,қайшылықтар болмайды.
«Абай облысы Үржар ауданы Елтай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде рұқсат беру функциялары жоқ, бақылау функциялары қарастырылмаған, «жер телімдерінің нысаналы мақсатын өзгертуге рұқсат беру», «Сауда –саттықты,конкурстарды, аукциондарды өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер телімдеріне құқықтарды алу».Мемлекеттік қызметтердің екі түрі көрсетіледі. 2024 жылдың І тоқсанында мемлекеттік қызметтер көрсетілген жоқ.
"Е-отыніш" электрондық жүйесі арқылы заңды тұлғалардың өкілдері
2024 жылдың І тоқсанына ( қаңтар, ақпан, наурыз) 4 өтініш түсті. Барлық өтініштер қарастырылған, өтініш берушілерге заңнамада қарастырылған мерзімде жауаптар берілді.
2024 жылғы қаңтар, ақпан, наурыз айларында «Абай облысы Үржар ауданының Елтай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде 15 келісім шарт жасалып 6 498 0000 мың теңгеге мемлекеттік сатып алу жүргізілді.
Жұмыс тобының төрағасы Д.Толемиосв
Бас маман А.Нупбаев
Бас маман Г. Раимджанова
Бас маман С.Мурзаканова
Жетекші маман А. Мырзахметов