«Абай облысы Үржар ауданы Елтай ауылдық округі Әкімінің аппараты» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелерін талқылау
ХАТТАМАСЫ
Елтай ауылы 25.04.2024 ж
Өтетін орны: «Елтай ауылдық округі Әкімінің аппараты» ММ
Төрағалық еткен:Елтай ауылдық округінің әкімі – Д.А.Толемисов
Қатысқандар: Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша жұмыс тобының мүшелері – А.Нупбаев, Г.Раимджанова, С.Мурзаканова, А.Мырзахметов
Күн тәртібінде:
«Елтай ауылдық округі Әкімінің аппараты» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелерін талқылау.
Толемисов Досжан Айтқазыұлы, - Елтай ауылдық округінің әкімі :
2024 жылғы 19 наурыздан 8 сәуір аралығында жұмыс тобымен «Елтай ауылдық округі Әкімінің аппараты» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. Ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:
1)аппараттың қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2)аппараттың ұйымдастырушылық-басқару қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Елтай ауылдық округінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау және бағалау Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2022 жылғы 30 желтоқсан №488 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдарға сәйкес жүргізілді.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және алдын алу » №4 типтік базалық бағытының жобаларын іске ,асыру жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін қоғамдық талқылауды өткізу қажет. Қоғамдық талқылауға барлық мүдделі тараптар қатыса алады.
08.04.2024 жылы Елтай ауылдық округінің ресми сайтында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері туралы аналитикалық анықтамасы қоғамдық талқылауға орналастырылды. Бұл ретте Елтай ауылдық округінің ішкі талдауы мен қызметіне қатысты тұрғындардан, сондай-ақ өзге де азаматтардан ұсыныс,пікірлер түспегенін айта кеткен жөн.
Ішкі талдау нәтижелері бойынша жоюды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптарына сәйкестендіруді қажет ететін кейбір тәуекелдер анықталды.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау мынадай қағидаттар бойынша жүргізілді:
-объективтілік;
-сенімділік;
- ашықтық;
- жан-жақтылық:
Сыбайлас жемқорлық тәуекелін ішкі талдау нәтижелері бойынша жұмыс тобы талдамалық анықтама дайындап, анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсыныстарды талқылады.
Талдамалық анықтамада көрсетілген ақпарат сенімді және күмән тудырмайды. Анықтамада, анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсыныстар қамтылды. Елтай ауылдық округінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау рәсімі заң бұзушылықсыз жүргізілді.
Елтай ауылдық
округінің әкімі Д.А.Толемиосв
Жұмыс тобының мүшелері:
Бас маман А.Нупбаев
Бас маман Г.Раимджанова
Бас маман С.Мурзаканова
Жетекші маман А.Мырза