АНАЛИТИКАЛЫҚ ЕСЕП

АНАЛИТИКАЛЫҚ  ЕСЕП

«Абай облысының Үржар ауданы Елтай  ауылдық округі  әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметтегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері туралы аналитикалық анықтама

 

 

   Елтай  ауылы                                                                « 20 » наурыз 2024 жыл

 

 

         2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8 бабының 5 тармағына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының бұйрығымен бекітілген 2016 жылдың 19 қазандағы № 12 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына» сай, Абай облысының Үржар ауданы Елтай ауылдық округі Әкімінің аппаратында (әрі қарай-Аппарат) сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі талдау (әрі қарай- СЖТТ) жүргізілді.

         СЖТТ келесі бағыттарда жүргізілді:

  • объектінің қызметіне қатысты нормативті құқықтық актілерінде сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдерін анықтау;
  • объектінің ұйымдастырушылық-басқару қызметіне қатысты сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдерін анықтау.

СЖТТ жүргізу кезінде келесі ұсынымдар мен ережелер пайдаланылды:

2021 жылдың 7 сәуірдің Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігі төрағасының бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі талдау жасау бойынша әдістемелік ұсынымдар (әрі қарай- Әдістемелік ұсынымдар).

2016 жылдың 19 қазанының № 12 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігі төрағасының бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үлгілік ереже (әрі қарай –Үлгілік ереже).

            Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмыс тобы 2024 жылғы 19 наурызындағы № 15-НҚ-Ө Елтай  ауылдық округі әкімінің өкімімен құрылып бекітілген.

          Талдау объектінің қызметін, ұйымдастыру-басқару қызметін реттейтін ішкі құжаттарының және құқықтық актілерінің ішкі талдауымен, оның коррупциялық тәуекелдерінің болуына ішкі талдауда 2023 жылдың 1,2,3,4 тоқсандар қамтылған.

         «Абай облысы Үржар ауданы Елтай  ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Абай облысы Үржар ауданы Елтай ауылдық округі әкімінің  қызметінің ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету саласындағы  басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады және өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ, 2022 жылдың 15 қыркүйек айымен бекітілген № 423 «Абай облысы Үржар ауданы Елтай ауылдық округі Әкімінің Аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесіне сай жүзеге асырылады.

         Үржар ауданы Елтай ауылдық округінің әкімі болып 2024 жылдың 26 ақпанындағы аумақтық сайлау комиссиясының шешімі мен  Толемисов Досжан Айтказинович тағайындалған.

Аппарат қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне соңғы ішкі талдау 2022 жылы 05-21 мамырда жүргізілді. Аталған талдаудың өткізу нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ, талдау бойынша әзірленген және орындалған ұсынымдар жоқ.

Үржар ауданы Елтай  ауылдық округі әкімінің аппараты өз қызметінде келесі нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады:

  1. 2015 жылғы 23 қарашадағы №414-V Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі;
  2. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы №95-VI Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі;
  3. 2020 жылғы 29 маусымдағы №350-VI Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі;
  4. 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
  5. 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
  6. 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
  7. 2016 жылғы 06 сәуірдегі №480-V«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
  8. 1995 жылғы 28 қыркүйектегі №2464 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
  9. 2014 жылғы 11 сәуірдегі №188-V «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
  10. 2003 жылғы 08 ақпандағы № 387 «Төтенше жағдай туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
  11. Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 4 желтоқсанда №434-V«Мемлекеттік сатып алу туралы»;
  12. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 тамыздағы №486 қаулысы «Құқықтық мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы»;
  13. Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №152 Жарлығы «Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы»;
  14. Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығы «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы»;Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне, еңбекақы төлеу жүйесі туралы»;
  15. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығы «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы»;
  16. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысы «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы»;
  17. 2022 жылдың 15 қыркүйек айымен бекітілген № 423 «Абай облысы Үржар ауданы Елтай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесі;
  18. Қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтары; қызметкерлердің жеке істері; әкімнің өкімдері мен шешімдері;
  19. ИС ОДО, ИС ГБД ЕЛ, ИС «Е-обращение» ақпараттық жүйелері;
  20. талдау объектіге қатысты жеке және заңды тұлғалардың өтініштері; сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бұрын жүргізілген ішкі талдау нәтижелері және т. б.

         Елтай ауылдық округі 1 елді-мекеннен тұрады, 1 ауылдық округ әкімі аппартында жалпы 4 мемлекеттік қызметші қызмет атқарады.

         СЖТТ жүргізу барысында Аппаратта кадр бағыты бойынша сыбайлас жемқорлықтың 1 тәуекелі анықталды.

1.1. Қызметшілердің  әлеуметтік-тұрмыстық және өзге де жеке қажеттіліктерін өндіріс мүдделерімен үйлестіру мақсатында икемді жұмыс уақыты режимі белгілену Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы еңбек кодексінің 74 бабына сәйкес «Жұмыскерлер, оның ішінде қашықтан жұмыс істейтін жұмыскерлер үшін олардың әлеуметтік-тұрмыстық және өзге де жеке қажеттіліктерін өндіріс мүдделерімен үйлестіру мақсатында икемді жұмыс уақыты режимі белгіленуі мүмкін» жүзеге асырылады.

Бұл норманың тұжырымы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің 1 түрін қамтиды:

         1)лауазымды тұлғаның міндетін белгілеудің орнына құқықты белгілеу бағытында индикатор – «мүмкін» деген тұжырымдарды пайдалану.

         Ұсыныстар:

         Қазақстан Республикасының Агенттігінің Абай облысының мемлекеттік қызмет істері департаментіне «Қазақстан Республикасының еңбек кодексі» Қазақстан Республикасының кодексі 2015 жылғы 23 қарашадағы ҚРЗ-ның 74 бабына қызметкерлерге қатысты икемді жұмыс уақыты нақты көрсету бойынша өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы, ұсыныс жіберу.

 

        

         2.Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеу бойынша:

         2.1. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау кезінде «Е-Өтініш» ақпараттық жүйеде мерзімдерінің жүйелеудің болмауы индикаторы бойынша:

 

         Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау мемлекеттік органдар өкілеті бар басқа мемлекеттік органдарға жолдаған кезде өтініштерді қарау кезінде «Е-Өтініш» ақпараттық жүйеде мерзімдері нақты анықталмағанның себебінен лауазымды тұлғаның немесе талдау объектінің заңды бұзбау және орындау мақсатында өтініш иесіне тікелей шығып, жеке байланыста болу мүмкіншілігі.

         Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (әрі қарай - Кодекс) 65 бабына сәйкес жолданымды қарау өкілеттігіне кірмейтін әкімшілік органға, лауазымды адамға келіп түскен жолданым, келіп түскен күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде әкімшілік рәсімге қатысушыға бір мезгілде хабардар ете (хабарлай) отырып, уәкілетті әкімшілік органға, лауазымды адамға жолданады.

         «Е– Өтініш» ақпараттық жүйеде өтініш қарау мерзімі бірінші мемлекеттік органға түскен уақыттан бастап өтініш қарау мерзімі санала бастайды. Кейбір жағдайларда Кодекстің 65 бабының нормасымен бірнеше мемлекеттік органдардан өтіп, нақты өтінішті қарастыру өкілеттігі бар мемлекеттік органның қарауына қарау мерзімі 10 күннен асқаннан кейін түседі.

         Осындай жағдайда бұндай өтініштерді толық қарауға мүмкіндігі жоқтығынан Кодекстің 73 бабының талаптарын орындау мүмкіншілігінен немесе өтініштің мән-жайын толық қарап өтініш иесіне толық жауап беруге мүмкіншілігінен айырылады. Бұндай жағдайдағы өтініш қарау мерзімі қарастырылмаған.

         Ұсыныс:

Тиісті өкілетті мемлекеттік органға жоғарыда көрсетілген мән-жайлар бойынша өтініш қарау мерзімдерінің анықтауға байланысты хат жазу.

Аппаратта мемлекеттік сатып алу бекітілген жоспарға сәйкес веб-портал арқылы жүргізіледі. Мемлекеттік сатып алу келісім шарттары веб-портал арқылы электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылады. Таңдалып отырған кезеңде, жүргізілген сатып алулар бойынша Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 6-бабында белгіленген мемлекеттік сатып алуға қатысуға байланысты шектеулер сақталған.  

Тексеру барысында, Аппаратта көп жағдайда мемлекеттік сатып алу Қазақстан Республикасының 04.12.2015 жылғы«Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 39-бабының 3 тармағының 36) тармақшасына сәйкес, бір көзден алу тәсілімен жүзеге асырылатынын көрсетті. Осы нормаға сәйкес, Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған тұлғадан тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу (бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алу IT-Компания Рейтинг, «ҰАТ» АҚ, «Заң» АІЖ) жүзеге асырылады.

Бұл салада сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдері анықталған жоқ.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегіжұмыстобының қолдары

 

 

Елтай ауылдық округінің әкімі                                        Д.Толемисов

 

Бас маман                                                                            А.Нупбаев

 

Бас маман                                                                            Г. Раимджанова

 

Бас маман                                                                              С.Мурзаканова

 

Жетекші маман                                                                      А. Мырзахметов

 

 

 

 

Дата публикации
08 апреля 2024