Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V Заңы.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 31-баптан қараңыз.
Қолданушылар назарына!
Қолданушыларға ыңғайлы болуы үшін ЗҚАИ мазмұнды жасады.
МАЗМҰНЫ
Осы Заң мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қоғамдық қатынастарды
реттейді.
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі –
Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес
мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік
қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға
олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді
электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы
Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
1-1) ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi орган – ақпараттандыру және "
электрондық үкiмет" саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге
асыратын орталық атқарушы орган;
1-2) әріптестік келісім – мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау
және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру бойынша көрсетілетін
қызметтерді ұсыну үшін талаптарға сәйкес келетін және мемлекеттік қызметтер
көрсету саласындағы уәкілетті органның іріктеуінен өткен кәсіпкерлік субъектілерімен
Мемлекеттік корпорация жасаған келісім;
1-3) әріптестік ұйым – осы Заңға сәйкес әріптестік келісім жасаған кәсіпкерлік
субъектісі;
1-4) "бір өтініш" қағидаты – бір өтініш негізінде көрсетілетін бірнеше мемлекеттік
қызметтің жиынтығы көзделетін мемлекеттік қызмет көрсету нысаны;
2) "бір терезе" қағидаты – мемлекеттік қызметті орталықтандырып көрсетудің
мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушының құжаттарды