"Денсаулық сақтау министрінің және Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму
министрінің денсаулық сақтау саласындағы кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы"
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2019 жылғы 5 қарашадағы
№ ҚР ДСМ-140 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019
жылғы 6 қарашада № 19555 болып тіркелді.
З Қ А И - н ы ң е с к е р т п е с і !
Осы бұйрық 01.06.2019 бастап қолданысқа енгізіледі
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан
Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 11)
, 23-бабының , 25-бабының тармақшасына 2-тармағына 3 және 4-тармақтарына сәйкес
БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін
денсаулық сақтау саласындағы кейбір бұйрықтардың тізбесі (бұдан әрі - Тізбе)
бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Міндетті әлеуметтік
медициналық сақтандыруды үйлестіру департаменті Қазақстан Республикасының
заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік
тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық
сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он жұмыс күні ішінде
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы
тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы
мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық
сақтау вице-министрі Л. М. Ақтаеваға жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2019 жылғы 1 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми