Мәдениет туралы

Мәдениет туралы
Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы N 207 Заңы.
МАЗМҰНЫ
Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "мұражай", "мұражайларға", "мұражайлардың" деген
сөздер тиісінше "музей", "музейлерге", "музейлердің" деген сөздермен ауыстырылды -
ҚР 28.10.2015 Заңымен (алғашқы ресми жарияланған № 368-V күнінен кейін
күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Осы Заң Қазақстан Республикасында мәдениетті жасау, қайта түлету, сақтау,
дамыту, тарату және пайдалану саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және
мәдениет саласындағы мемлекеттік саясаттың құқықтық, экономикалық, әлеуметтік
және ұйымдастырушылық негіздерін айқындайды.
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірме – педагог,
тәлімгер, мәдениет қызметкері немесе шығармашыл қызметкер өткізетін, тұрақты
негізде ұйымдастырылатын, балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық
қабілеттерін дамытуға арналған сабақ;
1-1) баспа өнімі – мерзімді баспасөз басылымдары, кітаптар, брошюралар,
альбомдар, плакаттар, буклеттер және өзге де полиграфиялық өнім;
1-2) алып тасталды - ҚР 03.01.2019 № 213-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен
кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
1-3) алып тасталды - ҚР 03.01.2019 № 213-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен
кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
1-4) басылымның міндетті тегін данасы – редакциялық-баспа өңдеуінен өткен,
шығарылым деректері бар және осы Заңда айқындалатын мәдениет ұйымдарына
өтеусіз негізде берілуге жататын қағаз жеткізгіштегі және (немесе) электрондық
нысандағы басылым (мәтіндік, ноталық, картографиялық, бейнелеу басылымы) данасы;
1-5) көркем құндылықтар – шығармашылық қызмет нәтижесінде жасалған мәдениет
, әдебиет және өнер туындылары;
2) көтермелеудің салалық жүйесі - саланы дамытуға қосқан үлесі үшін мәдениет,
әдебиет және өнер қызметкерлерін моральдық ынталандыру нысаны;

Дата публикации
29 февраля 2024