О государственной службе Республики Казахстан

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы
Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V ҚРЗ.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 69-баптан қараңыз.
Қолданушылар назарына!
Қолданушыларға ыңғайлы болуы үшін ЗҚАИ мазмұнды жасады.
МАЗМҰНЫ
БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗ
Осы Заң Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметіне кіруге, оны өткеруге,
тоқтатуға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді, мемлекеттік қызметшілердің
құқықтық жағдайын, материалдық қамтамасыз етілуі мен әлеуметтік қорғалуын,
сондай-ақ өзге де адамдардың мемлекеттік органдардағы қызметі мәселелерін
айқындайды.
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) "А" корпусы - Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметіне кірудің, оны
өткеру мен тоқтатудың ерекше тәртібі, сондай-ақ арнайы біліктілік талаптары
көзделген басқарушылық деңгейдегі мемлекеттік әкімшілік лауазымдар;
2) алып тасталды – ҚР 03.07.2020 № 357-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған
күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
3) "Б" корпусы – "А" корпусына енгізілмеген мемлекеттік әкімшілік лауазымдар;
4) бонус – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен
мемлекеттік қызметшілерге қызметінің тиімділігін бағалау нәтижелері бойынша
белгіленетін ақшалай төлем;
5) бiлiктiлiк талаптары – мемлекеттiк лауазымға орналасуға үмiткер азаматтарға
білімі, жұмыс тәжірибесі және құзыреттері бойынша қойылатын талаптар;
5-1) келісімшарттық қызметшінің келісімшарты – мемлекеттік орган мен Қазақстан
Республикасының азаматы арасындағы оның құқықтары мен функционалдық
міндеттерін, еңбек жағдайларын, сондай-ақ еңбек нәтижелерімен (сандық және (немесе
) сапалық көрсеткіштер) өзара байланысты еңбекке ақы төлеу жағдайларын, еңбек
нәтижелеріне қол жеткізбегені үшін жауапкершілігін және басқа да жеке жағдайларды
белгілейтін еңбек шарты;
6) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік
қызмет) – мемлекеттiк қызметшiлердiң мемлекеттiк органдарда мемлекеттiк билiктiң
мiндеттерi мен функцияларын iске асыруға бағытталған лауазымдық өкiлеттiктерді
атқару жөнiндегi қызметi;
7) құзыреттер – нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару
үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың жиынтығы;
8) лауазымды адам – билiк өкiлiнiң функцияларын тұрақты, уақытша немесе арнайы
өкiлеттiк бойынша жүзеге асыратын не мемлекеттiк органдарда
ұйымдастырушылық-өкiмдік немесе әкiмшiлiк-шаруашылық функцияларды атқаратын
адам;
9) лауазымдық өкiлеттiктер – нақты мемлекеттiк лауазыммен көзделген,
мемлекеттiк қызметшiлер өз қызметiн жүзеге асыратын мемлекеттiк органдардың
алдында тұрған мақсаттар мен мiндеттерге сай келетін құқықтар мен мiндеттер;
9-1) алып тасталды - ҚР 26.11.2019 № 273-VI Заңымен (алғашқы ресми
жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
10) мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшi – Қазақстан Республикасының заңдарында
және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген жағдайларды
қоспағанда, өз қызметін тұрақты немесе сайланған кәсіби негізде жүзеге асыратын
мемлекеттiк қызметшi;
11) мемлекеттік әкімшілік лауазымның санаты – мемлекеттік саяси және әкімшілік
қызметшілер лауазымдарының тізіліміне сәйкес мемлекеттік әкімшілік лауаз

Дата публикации
28 февраля 2024