Егінсу ауылдық округінің әкімдігі сыбайлас жемқорлықтың профилактикасы бойынша жоспарланған жұмыстарды жүйелі түрде жүргізіп келеді. Мемлекеттік қызметтің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында барлық рәсімдер заң талаптарына сәйкес, жария түрде атқарылады.
Тұрғындардың өтініштерін қабылдау толықтай «Egov», «E-Otinish», «Elicense.kz», сияқты ақпараттық жүйелер арқылы жүзеге асырылады. Бұл қызмет көрсету үдерісін бақылауды күшейтіп, азаматтармен кері байланысты ашық форматта жүргізуге мүмкіндік береді.
Әкімдік қызметкерлері арасында әдеп нормаларын сақтау, жауапкершілікті арттыру және мүлдем төзбеушілік принципін қалыптастыру бағытында тұрақты түсіндіру жиналыстары ұйымдастырылуда.
Ауыл әкімдігі қоғам мен тұрғындар қатысуымен адалдық, әділдік және ашықтық мәдениетін дамыту жұмыстарын жалғастырады.