Сыбайлас жемқорлық
тәуекелдерін талдау жүргізу бойынша
әдістемелік ұсынымдарға
2-қосымша
Талдамалық анықтама
Кіріспе бөлім
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының "Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" 19.10.2016 жылғы № 12 бұйрығы, "Абай облысы Үржар ауданы Егінсу ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің 19.03.2024 жылғы №18 н/қ өкімі негізінде 2023 жылдың I, II ,III жәнеIV тоқсандарына бойынша «Егінсу ауылдық округі әкімінің аппараты "мемлекеттік мекемесінің жұмыс тобы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.
Мекен-жайы: Абай облысы, Үржар ауданы Егінсу ауылы, Әуезов көшесі № 23, телефон: 8(72230)2-99-72.
Егінсу ауылдық округінің әкімі Сагимбаев Жандос Мухтарович.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 2024 жылдың 19 наурыз айынан 2024 жылдың 08 сәуір айына дейін келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылды:
1) оның қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
2) аппараттың ұйымдастыру-басқару қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
Аппарат Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады, Егінсу ауылдық округі әкімінің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық, материалдық-техникалық қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруға басшылықты жүзеге асырады.
Аппараттың міндеттері: Азаматтар мен ұйымдардың Қазақстан Республикасы Конституциясы мен заңдарының нормаларын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің, Мемлекеттік органдардың орталық және жергілікті атқарушы органдарының нормативтік-құқықтық актілерін орындауына жәрдемдесу, салалық және өңірлік бағдарламаларды іске асыруға қатысу, аудан әкімі мен әкімдігінің облыс әкімі аппаратымен, облыстың атқарушы органдарымен, құқық қорғау органдарымен ұйымдастырушылық байланысын іске асыру, бұқаралық ақпарат құралдары, қоғамдық бірлестіктер және саяси партиялар.
Аппарат өз қызметін "Егінсу ауылдық округі әкімінің аппараты " мемлекеттік мекемесінің Ережесін (бұдан әрі-ереже) бекіту туралы" Үржар ауданы әкімдігінің 15.09.2022 жылғы №423 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырады.
Ережеге сәйкес, Аппарат 5 міндетті жүзеге асырады және 42 функцияны жүзеге асырады, оның ішінде реттеуші, іске асыру, рұқсат беру, бақылау.
Осы талдау үшін дереккөз ретінде аппараттың қызметіне, аппараттың ішкі құжаттарына, Аппараттың мемлекеттік қызметшілерінің жеке істеріне қатысты нормативтік құқықтық актілер пайдаланылды.
Сипаттама бөлігі:
Нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыты бойынша.
Аппараттың жағдайы және аппарат қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілер талданады.
Ішкі талдаумен 2023 жылдың (1,2,3,4 тоқсан) қаңтар айынан бастап желтоқсан айы жұмыс кезеңі аралығында қамтылған.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:
Объектінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
Объектінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Бағыты бойынша – Егінсу ауылдық округі әкімі аппаратының қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттіктер мен нормаларды талдау нәтижелері бойынша анықталған жоқ.
Әкім аппаратының ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Ішкі талдаумен мынадай нормативтік-құқықтық актілер қамтылды:
- жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару саласында:
Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылғы 30 тамыз, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңы, "Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдарында жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 4 қыркүйектегі N 974 қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 15-тен Қаулысы 2004 жылғы желтоқсан N1324 " жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиттерін бекітудің кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 28 қарашадағы Жарлығы 2012 жылғы № 438 "Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасын бекіту туралы", Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы Қаулысы "жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" № 1106 жыл, ҚР Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы № 826 Жарлығымен" жергілікті қоғамдастық жиналысының үлгілік регламентін бекіту туралы " Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 295 бұйрығы"Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы"," Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы"," Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы"," Мемлекеттік сатып алу туралы " ҚР Заңдары, ҚР Еңбек кодексі, "Құқықтық актілер туралы"2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы, Нормативтік құқықтық актілерді ресімдеу, келісу, мемлекеттік тіркеу және олардың күшін жою қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 қазандағы № 568 қаулысы (өзгерістермен, "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 4 желтоқсандағы № 804 қаулысы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығы «Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы», ҚР Заңы 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V «Мемлекеттік қызмет көрсету турталы», ҚР Жер кодексі туралы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйелері туралы», 2022 жылдың 15 қыркүйек айында бекітілген № 423 «Абай облысы Үржар ауданы Егінсу ауылдық округі Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесі, 29.08.2001 жылғы № 1127 «Менмлекеттік бюджет қаражаты есебінен ҚР органдарының қызметкерлеріне сыйлықақы беру, материалдық көиек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемақылар белгілеу, сондай-ақ мемлекеттік әкімшілік қызметкерлеріне бонустар төлеу қағидалары», Қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтары, жеке істері әкімнің өкімдері мен шешімдері, ИС ОДО, ИС «Е-қызмет», ИС «Е-өтініш», ЕПИР ГО ақпараттық жүйелер, талдау обьектісіне жеке және заңды тұлғалардығ арыз, шағым, өтінішерін қарау тәртібі туралы ережелері қолданысқа алынды.
Егінсу ауылдық округі әкімінің аппаратында дербес бөлімдер мен ведомствоаралық ұйымдар жоқ.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында Егінсу ауылдық округі әкімінің аппаратында келесі бағыттар бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды:
Персоналды басқару қызметінің қызметі "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" заңмен, "сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңмен, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен, "персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) туралы үлгілік ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 21 қазандағы № 15 бұйрығымен реттеледі, "Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасудың кейбір мәселелері туралы" "корпустың мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығы "Б", "Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп нормалары мен мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығы, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп нормалары мен мінез-құлық қағидаларын Сондай-ақ"азаматтық қызметшілерге, ұйымдар қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы қолданысқа алынды.
1.1.Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың өз еркімен жұмыстан босатылуы және жаңадан жұмысқа қабылдануы бойынша:
Егінсу ауылдық округі әкімінің аппаратында штат саны 2023 жылдың 1,2,3,4 тоқсандық жағдайы бойынша – 5 бірлікті құрайды, соның ішінде, біреуі уақытша бала күтіміне байланысты.
Біліктілікті арттыру курсына 2023 жылы 1,2- тоқсанда ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясы Абай облысы бойынша филиалында - 3 мемлекеттік қызметші оқыды.
Егінсу ауылдық округі әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінде 2023 жылдың есептік кезеңінде 3 тоқсанда басқа жұмыс орнына ауысуына байланысты 1 мемлекеттік қызметкер өз еркімен жұмыстан босатылды.
1.2. Лауазымға іріктеу және тағайындау тәртібі туралы
Бос жұмыс орындарына конкурс туралы хабарлама "Е-қызмет" интеграцияланған жүйесінде, МО ИРБП веб-сайтында және Үржар ауданы әкімінің ресми сайтында орналастырылады. Аудан әкімінің ресми сайтында бос орындардың жариялануына байланысты қарапайым халық бұл конкурстар жайлы кейде хабарлы болуда.
1,2,3, тоқсандық кезеңде конкурстық іріктеу жүргізілмегенше бос лауазымдық орынға тағайындалғандар жоқ. Бірақ, мемлекеттік қызметтегі бос лауазымдық орындарға 18-35 жас аралығындағы жастар мемлекеттік қызметте қызмет істеуге құлшынып тұрған жоқ, себебі жалақысы аз болғандықтан. Осындай себептермен бос лауазымдық орындар ұзақ вакантты орын болып тұрады. Жұмысқа орналасқан жастар кем дегенде еңбек өтілі үш жылға жинақталған соң, еңбек ақысының аздығына байланысты жалақысы көп жұмыс орынына орналасуға мәжбүр болады. Осы себептен кадрлардың айналымы ұзақ мерзімге бой алып тұрады, яғни бос лауазымдық орындар.
Ұсыныс: Еңбекақыны көтермелеу, материалдық көмек көрсету, кадрлардың айналымына байланысты уақытша қосымша қызметін атқарып отырған мамандарға жалақының төлемін төлеп беру.
Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру туралы жиі семинарлар ұйымдастыру. Қайта даярлау курсына екі жылдан кем емес уақытында жіберіліп отырса.
1.3.Тәртіптік тәжірибе: мемлекеттік қызметшілердің қызметте болуына байланысты еңбек тәртібі мен шектеулер саласында құқық бұзушылықтар жасауы
2023 жылы 2-тоқсанында 1 мемлекеттік қызметші жүктелген міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Мерзімдерінен бұрын тәртіптік жазалары шешілгендер саны -0.
Алынбаған тәртіптік жазалар болған жағдайда қызметкерлерді көтермелеу анықталған жоқ.
Мемлекеттік қызметкер қызметтік саласында еңбек тәртібі мен шектеулер саласында құқық бұзушылық жасағаны анықталған жағдайда мемлекеттік қызметшілер арасында әдептік қағидаттарды дәріптеу және қызметтік әдепті бұзғаны үшін жауапкершілік туралы жиналыстармен семинарлар өткізу.
Ұсыныс: мемлекеттік қызметшілерді әдеп уәкілінің қатысуымен семинарлар мен жиындар ұйымдастыру. Әдеп кодексі заңымен таныстыру жұмыстарын жылына екі рет жүргізу.
Бұқаралық ақпарат құралдарында Егінсу ауылдық округі әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілерінің атына теріс жарияланымдар болған жоқ.
Қызметтік міндеттерін атқару кезінде жақын туыстарының, жұбайларының, жекжаттарының тікелей бағыныста болу фактісі анықталмаған. Бөлім қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы бұзушылықтар болған жоқ , мүдделер қақтығысы анықталған жоқ.
2023 жылы мемлекеттік сатып алу порталында жалпы сомасы 28 523 386,91 теңгеге, 52 келісім-шарт жасалынды. Оның ішінде баға ұсыныстарды сұрату жолымен 2 648 257 теңге сомасында 8 шарт, электрондық магазин арқылы 2 101 419 теңге сомасына 17 шарт және бір көзден 2 497 466,37 теңгеге 10 шарт, ашық конкурс арқылы 11 872 000 теңгеге 1 келісім-шарт жасалынды.
Әкім аппаратында мемлекеттік сатып алу «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР 4.12.2015 жылғы №434 Заңының 37- бабына сәйкес баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен жүзеге асырылды.
Әкім аппаратында мемлекеттік сатып алу бекітілген жоспарға сәйкес веб-портал арқылы жүргізіледі. Мемлекеттік сатып алу шарттары Мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы электрондық цифрлық қолтанбамен куәландырылады. Талданып отырған кезеңде жүргізілген Мемлекеттік сатып алу бойынша «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының 6- бабында белгіленген мемлекеттік сатып алуға қатысуға байланысты шектеулер сақталған.
Ірі-қара малдарды бөлуге арналған құрылғыны орнату үшін – 2 000,0 мың теңгеге сметалық құжаттар әзірленіп, бағалы ұсыныстарға сұраным бойынша 1 300,0 мың теңге қаражат бөлінген. Қауіп: Құрылғыны орнату жұмыстарының толығымен аяқталмай қалуы мүмкін. Мердігер жауапкершілікпен қарап, қосымша өз қаражаты есебінен құрылғыны орнату жұмыстарын аяқтаған болатын.
Ұсыныс: Осындай жағдайлар орын алған кезде қосымша келісім шарт әзірленіп, қалған қаражатты қайтару мүмкіндігін енгізу және қаражатты толығымен осы бағытта мақсатты игеруді жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасы 2021 жылғы 16 ақпандағы «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» №561 Заңынын 27,30,31 баптарына сәйкес әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелері жүзеге асырылды. Егінсу ауылдық округі бойынша 2023 жылдық әскери шақыртуға 13бала жоспарланған, оның 8-і оқу орынан анықтама алып егов порталы арқылы кейінге шегеруге өтініш тастады. 2 азамат әскери борыштарын өтеуге жіберілді.
Анықталған тәуекел жоқ.
Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7, 20 баптарына және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына сәйкес, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу туралы заңын негізге ала отырып Егінсу ауылдық округі бойынша жұмыспен қамтудың кешенді жылдық жоспары бойынша тоқсан сайын жұмыссыз жүрген адамдарды анықтап жұмыспен қамту. 2023 жылы 6 адам анықталып жұмыспен қамтылды.
Анықталған тәуекел жоқ.
Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу қағидалары Қазақстан Республикасы Әлеуметтік Кодексінің 12-бабы 5) тармақшасының он жетінші абзацына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (б 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу тәртібін негізге ала отырып Егінсу ауылдық округі бойынша 2023 жылдың АӘК-ке 5 отбасы өтініш берді. Өтініш түкен уақыттан бастап 5 отбасының «Е-Халық» электрондық жүйесі базасы арқылы күн көріс деңгейінің төмендігін анықтап,табысы және жалпы жағдайлары арнайы комиссия арқылы тексеріліп АӘК тағайындалды.
Анықталған тәуекел жоқ.
Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінен босатылған, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу жұмыстары өз құзіреті шегінде атқарылып жатыр.Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодекстің 188 бабының 1 бөлігімен 300 (үш жүз)сағаттық қоғамдық жұмысқа сотталған Абай облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаменті Үржар аудандық №1 пробация қызметінің 2023 жылдың 24 тамыздағы шығыс нөмері №30-34-14-13-447 жолдама анықтамасы негізінде 1 азамат Егінсу ауылдық округі әкім аппаратына 300 (үш жүз) сағаттық қоғамдық еңбекке қабылданып, 2023 жылдың желтоқсан айының 13-не 300 (үш жүз) сағатты толық өтегендіктен жұмыстан босатылды.
Анықталған тәуекел жоқ.
«Егінсу ауылдық округі әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінде Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Заңының 37 бабының 3 тармағына сәйкес 2023жылы 9 адам қоғамдық ақылы жұмысқа қабылданды.
Анықталған тәуекел жоқ.
Лауазымдық тұлғаның функционалдық міндетіне жүктелген міндетті медициналық сақтандыру жұмысын ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде.МӘМС жарнасын төлемей жүрген жеке тұлғаларды анықтап, төлету жұмыс жүргізілуде.
Міндетті медициналық сақтандыру жұмысын ұйымдастыру.
Лауазымдық тұлғаның функционалдық міндетіне жүктелген міндетті медициналық сақтандыру жұмысын ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде.МӘМС жарнасын төлемей жүрген жеке тұлғаларды анықтап, төлету жұмыс жүргізілуде.
Тәуекел: МӘМС жарнасы төлемеген кезде сыбайлас жемқорлыққа әкеліп соқтыру мүмкін. МӘМС жарнасын 1 жылдық аударымын төлемей жеке тұлғалар дәрігерлердің өздеріне тікелей барып, қалталарынан қаржы шығарып, медициналық көмекті тез және сапалы алу үшін дәрігердің қолына теңге ұстату фактілері кездесу мүмкін. Себебі: МӘМС төлеп отырған жеке тұлғалар 1 жылдық жарналарды аудару кезінде,жылдың басынан бастап 11айы төлеп, жылдың аяғына таман 1 айы ғана төлемей қалған жағдайда оның жарнасы күйіп кетіп КМАЖ-де (кешенді медициналық ақпарат жүйесінде) сақтандырылмаған болып шығады. Және де жеке тұлға ауырып қалған жағдайда қалаға медициналық тексерістен өтуге қалаған уақытында КМИС арқылы жолдама алуға әрекеттенгенде бос орын болмайтын жағдайлар кездеседі. Сондықтан жеке тұлғалар ақылы түрде медициналық қызметтерді өтуге әрекеттенеді.
Ұсыныс: Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды барысында жоғарыда айтылған олқылықтар жойылып,өзерістер енізіліп, оңтайландыру жұмыстары жүргізілсе.
Қорытынды бөлім
1) Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер менжағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленсін.
2) Жұмыс тобының ұсынымдарын орындалуына мониторинг жүргізілсін.
Жұмыс тобының төрағасы,
Ауыл әкімі Ж.Сагимбаев
Жұмыс тобының құрамы:
Бас маман: Смаков С.С.
Бас маман: Даурембекова Л.С.
Бас маман: Есимханова А.С.
Бас маман: Мусаканова Ж.Ж.