«Абай облысының Үржар ауданының Бестерек ауылдық округі Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметтегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері туралы аналитикалық анықтама
Бестерек ауылы 08 сәуір 2024 жылы
2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8 бабының 5 тармағына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының бұйрығымен бекітілген2016 жылдың 19 қазандағы №12 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына» сай, Абай облысының Үржар ауданы әкімі аппаратының бөлімдерінде (әрі қарай-Аппарат)сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі талдау (әрі қарай- СЖТТ) жүргізілді.
СЖТТ келесі бағыттарда жүргізілді:
- талдау объектісінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық
актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
-талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде
сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
СЖТТ жүргізу кезінде келесі ұсынымдар мен ережелер пайдаланылды:
2022 жылдың 30желтоқсандағыҚазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсыагенттігі төрағасының №488 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдар (әрі қарай- Әдістемелік ұсынымдар).
2016 жылдың 19 қазандағы №12 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі және сыбайлас жемқорлыққа қарсыагенттігі төрағасының бұйрығымен бекітілгенСыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үлгілік ереже (әрі қарай –Үлгілік ереже).
Ішкі талдау жүргізу мерзімі 2024 жылдың 19 наурызынан 08 сәуірге дейін белгіленген.
Бестерек ауылдық округі әкімі аппаратының сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жұмыс тобының 2024 жылғы 19 наурыздағы № 22-нқ Бестерек ауылдық округі әкімінің өкімімен құрылып бекітілген.
Талдау объектінің қызметін, ұйымдастыру-басқару қызметін реттейтін ішкі құжаттарының және құқықтық актілерінің ішкі талдауменен және олардың коррупциялық тәуекелдерінің болуына ішкі талдауменен 2023 жылдың 4 тоқсан қамтылған.
«Абай облысы Үржар ауданының Бестерек ауылдық округі Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Абай облысы Үржар ауданы Бестерек ауылдық округі әкімінің қызметінің ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады және өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ 2022 жылдың 15 қыркүйек айымен бекітілген №423 «Абай облысы Үржар ауданының Бестерек ауылдық округі Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесіне сай жүзеге асырылады.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңы 14-бабының 9) тармақшасына, 45-бабына, 113-11-бабының 1-тармағына сәйкес, 2023 жылдың 12 ақпанда Бестерек ауылдық округінің әкімі болып Саганаев Данияр Бейсембаевич сайланды.
Аппарат қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне соңғы ішкі талдау 2023 жылы 01 қаңтар айынан 30 қыркүйек айына дейін 2023жылдың 1,2,3 тоқсандар қамтылған мерзімдер бойынша жүргізілді.
Аталған талдаудың өткізу нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің саны 4, талдау бойынша әзірленген және орындалған ұсынымдар- 4.
Үржар ауданының Бестерек ауылдық округі әкімінің аппараты өз қызметінде келесі нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады:
1.2015 жылғы 23 қарашадағы №414-V Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі;
2.2020 жылғы 29 маусымдағы №350-VI Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі;
3.2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
4.2015 жылғы 23 қарашадағы №416-V «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
5.2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
6.2016 жылғы 06 сәуірдегі №480-V«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;1995 жылғы 28 қыркүйектегі №2464 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
7.2014 жылғы 11 сәуірдегі №188-V «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
8.2003 жылғы 08 ақпандағы №387 «Төтенше жағдай туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
9.Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 4 желтоқсанда №434-V«Мемлекеттік сатып алу туралы»;
10.Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 11шілдедегі №471 қаулысы «Құқықтық мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы»;
11.Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №152 Жарлығы «Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы»;
12.Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығы «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы»;
13.Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне, еңбекақы төлеу жүйесі туралы»;
14.Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығы «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы»;
15.Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысы «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы»;
16.Үржар ауданының жергілікті қоғамдастық жиналысының регламенті;
17.2022 жылдың 15 қыркүйек айымен бекітілген №423 «Абай облысы Үржар ауданының Бестерек ауылдық округі Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесі;
18.29.08.2001 жылғы № 1127 «Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлықақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу, сондай-ақ мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге бонустар төлеу қағидаларымен»;
19.ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасудың кейбір мәселелері туралы» қағида;
20.Қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтары, қызметкерлердің жеке істері;әкімнің өкімдері мен шешімдері;
21.ИС ОДО, ИС ГБД ЕЛ, ИС «Е-обращение», ЕПИР ГО ақпараттық жүйелер;
22.Талдау объектіге қатысты жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;
23.Талдау объектісі қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне қатысты сот органдарының шешімдері және т.б.
Бестерек ауылдық округі әкімі аппаратында дербес бөлімдер мен ведомстволар жоқ.
СЖТТ жүргізу барысында Бестерек ауылдық округі әкімінің аппараттында келесі сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдері анықталған:
1.Талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметі мынадай мәселелерді қамтиды:
2.Мемлекеттік қызметтер көрсету;
3.Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу;
4.Талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер.
1.Персоналды басқару
1.1. Кадр айналымы
2024 жылы Әкімің аппараты штат саны – 6 бірлікті құрайды. Аппаратта 5 мемлекеттік қызметші жұмыс атқаруда.
2023 жылдың жұмыстан босатылған мемлекеттік қызметкер жоқ. Аппаратта 5 мемлекеттік қызметші жұмыс атқаруда..
Техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын, мемлекеттік органдардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін және мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын тұлғалар – 5 бірлік. 2024 жылдың 01 қаңтарынан 2 әлеуметтік қызметкер Бестерек ауылдық округінің әкімінің №1, 03.01.2024 жылға өкімімен Абай облысы Үржар ауданының мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 9-218/VIII шешімінің негізінде «Үржар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне ауыстырылды, ауылдық округінің бюджетін оңтайландыру мақсатында.
2015 жылғы 23 қарашадағы №414-V Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 123 бабы 7 тармақшасына сәйкес жеке материалдық жауапкершілік туралы келісім-шартжәне мүлікті қабылдау-тапсыру актісі жұмыскер мен жұмысберуші арасында жасалды.
Теріс себептер бойынша, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар, тәртіптік теріс қылықтар жасағаны үшін жұмыстан босату фактілері анықтаоған жоқ.
Мемлекеттiк қызметшiлердiң штаттық лауазымдарының болмауы, мемлекеттiк қызметшiлер болып табылмайтын адамдардың мемлекеттiк органдардың негiзгi функцияларын жүзеге асыру барысында мiндеттердi iс жүзiнде орындауына әкеп соғатын тиiстi жауаптылық шарасынан жалтару мүмкiндiгiн туғызады. Мұндай адам сыбайлас жемқорлық тәуекелін тудыратын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық белгілері бар әрекетті жасауы мүмкін.
Қызметкерлер белгіленген мерзімде қайта даярлаудан және біліктілігін арттырудан өтеді.
Ұсыныс: Ауыл әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілерінің лауазымдық нұсқаулықтары, құқықтары мен міндеттерін анық және біркелкі көрсетілуі, қызметкерлердің міндеттерін қайталанбауы тиіс.
1.2.Қызметкерлерді ынталандыру және ынталандыруды арттыру.
Әкім аппараты қызметкерлеріне жалақы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсанындағы №1193 қаулысы негізінде есептеледі. 2021 жылғы 30 маусымнан бастап «Саяси және әкімшілік мемлекеттік қызметшілерге еңбекақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» ҚБПҮ №451 қаулысының негізінде Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметкерлердің лауазымдық жалақылары еңбекақы төлеу жүйесінің жаңа схемасы белгіленді.
Орындалатын жұмыстардың тиімділігі мен сапасын арттыруға қызметкерлердің мүдделілігін күшейту мақсатында Әкім аппараты қызметкерлеріне мемлекеттік мерекелер қарсанында сыйлықақы беру «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлеріне сыйлықақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық айлықақыларына үстемақылар бекіту туралы» қаулысына сәйкес жүзеге асырылады. Қатаң түрде тәртіптік жазасы бола тұра сыйлықақы, үстемақылар беру анықталған жоқ.
2023 жылдың 4 тоқсаны қысқа мерзімде тәртіптік жазаларды алып тастау фактілері анықталған жоқ.
1.3.Мемлекеттік қызметшілердің қызметте болуына байланысты еңбек тәртібі мен шектеулер саласында құқық бұзушылықтар жасауы.
2023 жылдың 4 тоқсанында Бестерек ауылдық округінің әкімдік мемлекеттік қызметшілердің қызметте болуына байланысты еңбек тәртібі мен шектеулер саласында құқық бұзушылықтар жасағаны анықталғанмен. Мемлекеттік қызметшілер арасында әдептік қағидаттарды дәріптеу және қызметтік әдепті бұзғаны үшін жауапкершілік туралы жиналыстар, семинарлар өткізу.
Ұсыныс: мемлекеттік қызметшілерді үнемі әдеп жөніндегі уәкілінің қызметінің нәтижелері туралы шешімімен таныстыру
2.Мемлекеттік қызметтер көрсету
2.1. Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 390/НҚ бұйрығына сәйкес Әкім аппатаратымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер түрі:
Барлық көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрі тегін көрсетіледі. Мелекеттік қызметтерді қағаз нысанында көрсетіледі. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің нақты процестерінің белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі, оның ішінде қызметтер көрсету мерзімдерін бұзу, құқықтық актілерде көзделмеген құжаттарды талап етудің жүйелі фактілері, қызметтер көрсету рәсімдері тәртібін бұзу фактілері болуы мүмкін.
Ұсыныс: қызметтерді цифрландыру, жетілдіру қажет, қызметалушымен тікелей контакт болмау мақсатында өкілетті органға ұсыныс жіберу.
2.2.Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері.
Аппаратқа түскен өтініштер 2020 жылдың 29 маусымдағы №350-VI Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіна сәйкес қарастырылып қаралады. 2023 жылдың 4 тоқсанында әкім аппаратына келіп түскен өтініштер – 5. Барлық өтінішке жауап берілді. Өтініштері қаралап орындалды.
Қабылданған нормативтік актілер жалпы саны- 103, оның ішінде шешімдер – 23; негізгі қызмет бойынша өкімдер – 54; кадр мәселесі бойынша өкімдер– 6; жеке құрам бойынша өкімдер – 6; қызметкерлер бойынша өкімдер – 14. Әкімнің өкімдері күнтізбелік жыл ішінде ретімен нөмірленеді. 2023 жылғы 4-тоқсанға қабылданған өкімдердің талдау барысында әріпті немесе нөмірді қосу арқылы өкімге нөмірін беру фактілері анықталған жоқ.
Әкім аппаратының рұқсат беру функциялары жоқ, бақылау функциялары қарастырылмаған.
Әкімнің жеке қабылдауында болған азаматтардың өтінішін «Е-өтініш» базасына тіркеледі және де аяқтаусыз қалады (бағдарлама бойынша), келесі кезекте осы өтінішті ОДО-ға тіркеп, аяқтаймыз.
Ұсыныс: әкімнің жеке қабылдау бойынша оңтайланған алгаритм жасау туралы тиісті мекемеге хат жазу.
3.Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу
3.1. Бюджеттік өтінімді жасау тәртібі
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 67 –бабына сәйкес бюджеттік өтінім әзірленеді.
Бюджеттік өтінім:
-бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттері;
- мемлекеттік органдардың даму жоспарлары жобасының және мемлекеттік органдардың даму жоспарларына өзгерістер мен толықтырулар жобасы;
-бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламалары жобаларының негізінде жасалады.
Бюджет және қаржы қаражатын игеру бойынша мақсатсыз пайдалану фактілері тіркелмегенмен. Бюджет және қаржы қаражатын жұмсаудың ашық еместігі, оның ішінде «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңның 6-бабы 9 –тармағының сақталмауы.
Ұсыным: Өзгерістердің өзектігін білу, қызметкерлердің білімін, біліктілігін арттыру мақсатында семинарларға қатысу.
4.Талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау:
4.1. Жергілікті қоғамдастықтың өзінің құқықтарын жүзеге асырудағы артық әкімшілік кедергілердің болуы.
Жергілікті қоғамдастық- шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 39-3 бабының 6-тармағына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 23 маусымдағы №122 «Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының негізінде Үржар аудандық маслихаты 2023 жылдың 20 қыркүйек №5-107/VIII шешімімен Үржар ауданының аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын бекітті.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы №295 бұйрығымен бекітілген жергілікті қоғамдастық жиналысынің үлгі регламенті ұстанып жиналыстар өткізіледі.
Халық тікелей жүзеге асыратын жергілікті өзін-өзі басқаруды ауыл тұрғындары саналы әлі қабылдай алмай жүр.
Жиналыстың күн тәртібін ауылдық округ әкімінің аппараты жиналыс мүшелері, тиісті аумақтың әкімі енгізген ұсыныстар негізінде қалыптастырады, нәтижесінде жергілікті қоғамдастық мүшелері белсендік танытпай, қабылданған шешімді сапалы орындалуы қадағалайтын алгоритм жоқ.
Ұсыныс: жергілікті қоғамдастық кеңесінің мүшелерінің беделін көтеретін ауыл тұрғандар арасында насихат түсіндірме жұмыстар жүргізу. Жергілікті қоғамдастық мүшелерін жауапкершілікке шақырып, соңңы нәтижеге назар аудару.
Ұсыныстардың орындалуы бақылауда. Сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі талдау Бестерек ауылдық округінің сайтына орналастырылсын.
Бестерек ауылдық округінің әкімі Д. Саганаев