Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV Кодексі.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Кодекстің қолданысқа енгізілу тәртібін 245-баптан қараңыз.
Қолданушылар назарына!
Қолданушыларға ыңғайлы болуы үшін ЗҚАИ мазмұнды жасады.
МАЗМҰНЫ
Ескерту. Мазмұны алып тасталды – ҚР 30.06.2021 № 60-VII (алғашқы ресми
жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Заңымен.
Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "ауылдың (селоның)", "ауылдық (селолық)", "
ауылдарда (селоларда)" деген сөздер тиісінше "ауылдың", "ауылдық", "ауылдарда"
деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 03.07.2013 № 121-V Конституциялық заңымен (
алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа
енгізіледі).
Ескерту. Мазмұны және бүкіл мәтіні бойынша "ставкасы", "ставкаларының", "
ставкаларын", "ставкасынан", "ставкасымен" деген сөздер тиісінше "мөлшерлемесі", "
мөлшерлемелерінің", "мөлшерлемелерін", "мөлшерлемесінен", "мөлшерлемесімен"
деген сөздермен, "проценттік", "проценті", "процент", "процентінен", "проценттен", "
процентпен", "проценттер", "процентіне", "процентті" деген сөздер тиісінше "пайыздық
", "пайызы", "пайыз", "пайызынан", "пайыздан", "пайызбен", "пайыздар", "пайызына", "
пайызды" деген сөздермен, "аффилиирленген" деген сөз "үлестес" деген сөзбен
ауыстырылды - ҚР 28.11.2014 № 257-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа
енгізіледі).
Осы Кодекс бюджеттік, бюджетаралық қатынастарды реттейді, бюджет жүйесінің
жұмыс істеуінің, бюджет қаражатының құралуы мен пайдаланылуының, сондай-ақ
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру мен пайдаланудың негізгі
ережелерін, принциптерін және тетіктерін белгілейді