Барқытбел ауылдық округінде сыбайлас жемқорлықпен күресу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпарат

Барқытбел ауылдық округінде сыбайлас жемқорлықпен күресу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы

АҚПАРАТ

 

          Қазақстан  Республикасы мемлекеттік тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың платформасын кезең-кезеңмен қалыптастырып келеді.Сондай қадамдардың бірі -мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі бағыттарын одан әрі айқындау мақсатында қабылданған Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы.  Стратегия сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясаттың тиімділігін арттырудың жаңа тетіктері мен құралдарды айқындаған құжат. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 22 бабының 1 тармағына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды өз құзыреті шегінде барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері мен лауазымды адамдар жүргізуге міндетті.Аталған талапты орындау мақсатында Барқытбел ауылдық округі әкімінің аппараты бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру іс шаралары  жүргізіледі.

Қазақстан Республикасының 2015 жылы 18 қарашадағы №410-V «Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы іс-қимыл  туралы» Заңы қабылданып, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгiзiлді. Барқытбел ауылдық әкімі ғимаратының көрнекі жеріне Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің  Әдеп кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары)  ілінген, Әдеп кодексімен Барқытбел ауылдық округі әкімінің аппараты мамандары жазбаша түрде таныстырылды.

             Ауылдық округ бойынша азаматтардың көп баратын жерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы плакаттар ілінген.                                                       

Азаматтарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, сыбайлас жемқорлыққа деген берік иммунитет, оған деген жұртшылықтың мінеуі болмай, қалаған нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес.Әрбір қазақстандық, әрбір отбасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес-бүкіл қоғамның ісі екенін түсіну керек.

Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбейтін көзқарас пен құқықтық сананы қалыптастыру, мемлекетті, қоғам мен бизнесті осы әлеуметтік кесапатқа қарсы жұмылдыру.Аталған мақсатқа жету келесі мәселелердің шешілуін талап етеді: 

  • жемқорлыққа қарсы тұрарлық мәдениетті, білім мен тәрбиені қалыптастыру;
  • сыбайлас жемқорлықтың пайда болу алғышарттарын азайту; 
  • мемлекеттік органдар қызметі, квазимемлекеттік сектор мен монополия субъектілеріне партиялық және қоғамдық бақылауды күшейту; 
  • жергілікті өзін-өзі басқару өкілеттілігін кеңейту; 
  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы жетілдіру.

Бағдарламаның басты міндеті - Қазақстанда маңызды үш элементтен тұратын жүйені құру. Біріншісі, азаматтарға қызмет ететін тиімді мемлекет, екіншіден, ол - экономикалық дамудың қозғаушы күші, азаматтық қоғамның тірегі ретіндегі мықты бизнес, үшіншіден, жауапкершілікті азаматтық қоғам.

Барқытбел  ауылдық округі бойынша жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызметтер бекітілген регламенттер  мен стандарттар бойынша  көрсетіледі. 2025 жылдың басынан бері отбасы туралы және тұрғылықты жері туралы  - 170 анықтама беріліп мемлекеттік қызмет көрсетілді, мемлекеттік қызмет көрсетуді ауыл әкімі үнемі бақылауға алған.

Барқытбел  ауылдық округі әкімінің аппараты 2025 жылы – 9 тұрақты жер пайдалану құқығын беретін шешім қабылдады; 1 сатып алу арқылы жеке меншік құқығын беру туралы шешім қабылдады, 1 жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім берді және елді мекен шегінде объект салу үшін 2 жер учаскесіне шешім қабылдады.

Барқытбел ауылдық округі  мемлекеттік қызметшілері арасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық  және сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасау  фактілері тіркелген жоқ.

Сыбайлас жемқорлықты жою – біздің халқымыз бен мемлекетіміздің іргелі құндылығы – Тәуелсіздігімізді нығайтудың өзекті шарты.

 Еліміздің биік белестерді бағындыруы, мемлекетіміздің 30 дамыған елдердің қатарына кіруі сынды асыл мұраттарға қол жеткізуіміз біздің Отан алдындағы еңбегімізді адал атқаруымызбен тікелей байланысты.

Құрметті әріптестер, осы бағытта ауылдық округі әкімі аппараты өз жұмысын ары қарай жалғастыратын болады.

 

Барқытбел ауылдық округінде сыбайлас жемқорлықпен күресу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы АҚПАРАТ
Дата публикации
11 декабря 2025