Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу туралы» Заңның басты мақсаты – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп-қатерден ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, олардың жолын кесу және ашу болып табылады.
Барқытбел ауылдық округі бойынша 4 елді мекен бар: Барқытбел, Батпақты, Некрасовка және Благодатное ауылы. Халық саны барлығы-1910 адам , оның ішінде
|
р/с |
Елді мекен атауы |
Адам саны |
|
1 |
Барқытбел ауылы |
973 |
|
2 |
Батпақты ауылы |
196 |
|
3 |
Некрасовка ауылы |
552 |
|
4 |
Благодатное ауылы |
189 |
Тұрмысы төмен отбасыларды анықтау кезінде әр ауыл бойынша жеке мониторинг жүргізледі. Мониторинг тобы қурылған. Ең алдымен көп балалы отбасылар мен мүгедек жанұяларды қарастырылады. Сондай-ақ, біз өзін-өзі жұмыспен қамтыған немесе жұмыссыз жүрген отбасыларды есепке аламыз..
Мониторинг нәтижесінде:
Жалғыз басты қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді әлеуметтік қызметкерлер арқылы ұйымдастырылған. Ол 8 адам, оның ішінде 1 топтағы мүгедектер 1 адам, 2 топтағы мүгедектер – 1 адам, тыл еңбеккері – 1 адам, жалғыз тұратын зейнеткерлер – 5 адам. Стандартқа сәйкес, үйде 8 түрлі арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетіледі. 2024 жылы 3 адам 12 күнге санитарлық-курорттық емдеуге жіберілді. 2 Мүгедек адамдарына үйлерін жөндеуге көмек көрсетілді. Қысқы отынмен 4 отбасы қамтамасыз етілді. Тыл еңбеккерлерге қызмет көрсетіліп, үйге ауыз су тартылып, автоматты кір жуғыш машина орнатылды. Қазіргі уақытта қызмет көрсетілетіндердің барлығы көмірмен қамтамасыз етілген.
Сыбайлас жемқорлықтың тамырына балта шабуға кірісу алдында оны туғызатын әлеуметтік – эканомикалық жағдайларды барынша азайту қажет. Жемқорлыққа қарсы әрекет етудің оның көріністерімен курес жүргізумен аяқталмайтынын ұғыну аса маңызды. Мұндай күрес қашан да қоғам мен мемлекет өмірінің барлық жақтарын реттеп отырумен тығыз байланысты.
«Абай облысы Үржар ауданы Барқытбел ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне және ауылдық округі тұрғындарына «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу туралы» кездесу – семинарлар жоспар бойынша өткізіледі.