Сыбайлас жемқорлық
тәуекелдерін талдау жүргізу бойынша
әдістемелік ұсынымдарға
2-қосымша
Талдамалық анықтаманың
үлгілік құрылымы
Кіріспе бөлім
ҚР "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ Заңының 8-бабының 5-тармағына, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес Үржар ауданының әкімі А. Башимбаевтың 29.02.2024 жылғы № 34-нқ-ө "Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы" өкімі. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмыс тобы Барқытбел ауылдық округінің әкімі А.Толықбаевтың 19.03.2024 жылғы № 17-нқ өкімімен бекітілген.
Жұмыс тобының құрамы: Басшысы – Барқытбел ауылдық округінің әкімі А. Толыкбаев; Барқытбел ауылдық округ әкімінің аппаратының бас маманы - Г. Юсупова; Барқытбел ауылдық округ әкімінің аппаратының бас маманы -Ж. Минибаева; Барқытбел ауылдық округ әкімінің аппаратының бас маманы - Г. Жомартова; Барқытбел ауылдық округ әкімінің аппаратының бас маманы - Р. Саганаева; Барқытбел ауылдық округ әкімінің аппаратының жетекші маманы - А. Жақашев.
Сипаттама бөлігі:
Талдау объектісінің қызметін, оның ұйымдық-басқару қызметін реттейтін құқықтық актілер мен ішкі құжаттарды сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің болуына ішкі талдау 2023 жылғы қаңтардан 2023 жылғы желтоқсанға дейінгі кезеңді қамтыды:
1) талдау объектісінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
"Қазақстан Республикасын жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Мемлекеттік сатып алу туралы", "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі".
Теріс қылығы үшін қызметтен босатылған мемлекеттік қызметкерлер жоқ. Мемлекеттік қызметшілерге арналған шектеулер мен еңбек заңнамасын бұзу фактілері тіркелген жоқ. Персоналды басқару бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
2.Мүдделер қақтығысын реттеу.
Бұқаралық ақпарат құралдарында Барқытбел ауылдық округ әкімінің аппараты мемлекеттік қызметшілерінің атына теріс жарияланымдар болған жоқ.
Қызметтік міндеттерін атқару кезінде жақын туыстарының, жұбайларының, жекжаттарының тікелей бағыныста болу фактісі анықталмаған. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы бұзушылықтар болған жоқ , мүдделер қақтығысы анықталған жоқ.
2023 жылғы 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейін талданған кезеңде нақтыланған бюджет 52 463,4 млн теңгені, кассалық атқарылуы 52 354,4 млн теңгені, немесе 99,8 % құрады. Бюджет қаражатының қалдығы 109 мың теңгені құрады. Бюджеттік қаражатты игеру барысында бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін аңықтаған жоқ.
7. Жеке және заңды тұлғалармен Барқытбел ауылдық округ әкімінің аппараты 79 шарт – 14 696 829 теңгеге мемлекеттік сатып алу порталы бойынша жасалды. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
"Барқытбел ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ-нің Ережесіне сәйкес ақпараттық жүйелерді әзірлеу бөлімнің функциялық міндетіне жатпайды.
Жұмыс барысында қызметінің әртүрлі мәселелері бойынша келесі ақпараттық жүйелерді пайдаланады:
"Бюджеттік қаржыландыру", "Қазынашылық-Клиент", "Ашық НҚА" порталы, "Мемлекеттік сатып алу" порталы, "Мемлекеттік тізілім", "ОДО", "Е-өтіш", "Е-қызмет", "Ашық бюджет" порталы "Статистика" порталы, Салық төлеушінің кабинеті".
Жоғарыда аталған ақпараттық жүйелерді пайдалану кезінде талдау барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
Ұйымдастыру-басқару қызметінен туындайтын өзге де мәселелер бойынша 2 тәүекел туындады:
1) Өтініштерді қарау кезінде мемлекеттік қызметшілердің жеке және заңды тұлғалармен жеке байланысы;
ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес әкімшілік орган, лауазымды адам әкімшілік рәсімге қатысушыға әкімшілік іс бойынша алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге міндетті.
Кодекстің көрсетілген нормасын орындау үшін әкімшілік рәсімге қатысушы өз ұстанымын ауызша білдірген жағдайда хаттаманы жүргізе отырып тыңдау рәсімі жүргізіледі.
Тыңдау рәсімі ақпараттық байланыс құралдарын пайдалана отырып, сондай-ақ қатысушының әкімшілік органға жеке келуі арқылы жүргізіледі. Қалай болғанда да, әкімшілік рәсімге қатысушымен және лауазымды адаммен жеке байланыс бар. Аталған факт жеке кездесу кезінде тыңдау рәсімін өткізу сатысында сыбайлас жемқорлық көріністерінің пайда болуына ықпал етуі мүмкін.
Ұсынымдар:
Кодекске тиісті өзгерістер енгізуге бастамашылық жасау, тыңдау рәсімін регламенттеу және әкімшілік рәсімге қатысушылармен жеке кездесулерді алып тастау, оларды электрондық хаттаманы жүргізе отырып, онлайн-форматқа ауыстыру.
2)- Өтінішті қарайтын лауазымды тұлғалардың жеке ұялы нөмірлерін пайдалануы.
Мемлекеттік органға келіп түскен өтініштер "Е-Өтіш"жүйесінде қабылдануға және тіркелуге жатады. Жүйеде әкімшілік органның әрбір қызметкеріне мәліметтер көрсетілген.
Жауапты қызметкерге жұмысқа жіберілгеннен кейін өтініш беруші өтінішті қарайтын лауазымды тұлға туралы деректерге қол жеткізе алады. Сондай-ақ, орындаушының жеке ұялы нөмірлеріне қол жетімділік бар.
Бұл факт лауазымды тұлғаның жұмысына теріс әсер етеді, өйткені кейбір жағдайларда өтініш берушілер бейресми байланыс орнатуға тырысады, мүмкін қандай да бір пайда табу мақсатын көздейді және өтінішті қарау кезінде ерекше жағдайлар мен өзіне деген көзқарасқа үміттенеді. Бірнеше сағаттан кейін қоңырау шалу фактілері болуы мүмкін.
Сонымен қатар, қазіргі уақытта ұялы телефон нөмірлері бойынша банк картасынан ақша аударымдарын жасауға, сондай-ақ балансты толықтыруға болады.
Ұсыныстар:
Мемлекеттік қызметшілердің жеке мобильдік нөмірлерін жүйеден шығару жөнінде ұсынысқа бастама жасау.
Қорытынды бөлім
1) Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленсін.
2) Жұмыс тобының ұсынымдарын орындалуына мониторинг жүргізілсін.
Барқытбел ауылдық
округінің әкімі А. Толыкбаев
Бас маман Г. Юсупова
Бас маман Ж. Минибаева
Бас маман Г. Жомартова
Бас маман Р. Саганаева
Жетекші маман А. Жақашев