Хаттама «Абай облысы Үржар ауданы Барқытбел ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері туралы қоғамдық талқылау

«Абай облысы Үржар ауданы Барқытбел ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері туралы қоғамдық талқылау

ХАТТАМАСЫ

 

Барқытбел  ауылы                                                                       26 сәуір 2024 жыл

Өтетін орны:  «Үржар ауданы Барқытбел ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ

Төрағасы:  Әкім – Толыкбаев Амантай Шоканович                                                  

Қатысқандар: «Үржар ауданы Барқытбел ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілері, Барқытбел ауылдық округінің қоғамдық кеңесінің төрағасы – А.Адельбаев.

 

Күн тәртібінде:

  1. Үржар ауданы Барқытбел ауылдық округі әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелерін талқылау.

 

Әкім А. Толыкбаев:

      Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 2-тармағына "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңының 8-бабының 5-тармағына сәйкес және Барқытбел ауылдық округі әкімі 2024 жылғы 19 наурыздағы №17нқ өкімімен бекітілген «Абай облысы Үржар ауданы Барқытбел ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-де сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары жүргізілді.

        Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2022 жылғы 30 желтоқсандағы №488 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлыққа ішкі талдау жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға сәйкес өткізілді.

Құрылған жұмыс тобы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды келесі бағыттар бойынша жүргізді:

1) оның қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) аппараттың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіне қатысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

 

Барқытбел ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Г. Юсупова:

 

Тәуекелдерді анықтау нәтежиесінде Барқытбел ауылдық округі әкімінің аппаратында 2 сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды. Оның ішінде:

Мемлекеттік қызмет көрсету бағыты бойынша – 2 тәүекел. Аталған тәуекелдерді жою  сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарына сәйкес жүргізілуі қажет.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және алдын алу» №4 ҮББ жобаларын орындау жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес СЖТТ нәтежиеслерін жария талқылау жүргізілді. Қоғамдық талқылауға барлық мүдделі тұлғалара мүмкіндік берілген.

Жария талқылауда азаматтардың тарапынан аппараттың ішкі талдау нәтежиелері мен қызметіне қатысты ұсыныстар келіп түскен жоқ.

Барқытбел ауылдық округінің қоғамдық кеңесінің төрағасы А. Адельбаев:

  • Жоғарыда айтылып өткен тәуекелдерді жою үшін қандай іс шаралар қабылданады?

Әкім А. Толыкбаев жауап берді:

  • Абай облысы Үржар ауданы Барқытбел ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтежиелері бойынша талдамалық анықтамада әр тәуекелді жою бойынша ұсынымдар көрсетілген. Осы ұсынымдарға сәйкес жұмыс жоспарын құрып, қажетті шараларды орындау жүзеге асырылады.

 

Әкім А. Толыкбаев: Қосымша сұрақтарыңызбен ұсынымдарыңыз болмаса талқылауды жабық деп жариялаймын.

 

Талқылау қорытындысы:

 1) Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері  бойынша талдамалық анықтама дайындалсын.

 2) Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою шаралары қабылдансын.

 

 

Төрағасы                                                                           А. Толыкбаев

 

Хатшы                                                                               Г. Юсупова

Дата публикации
26 апреля 2024